Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың»

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - қыркүйек білім күні
Кеңейтілген оқу іс - әрекеті
Тобы: «Болашақ» ересектер
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: көркем әдебиет
Кіріктірілген оқу іс - әрекеті: сурет
Тақырыбы: Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды білімге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын көбейту, тақпақтарды мәнерлеп нақышына келтіріп айта білуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды бір - бірін құрметтеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын қиялын, өз Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту.
Керекті құрал - жабдықтар: бильборд, слайд, суреттер, тақта, оқу құралдары

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз
Біздің топта ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз
Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетін бастамас бұрын бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Кім білгір». Ойынның шарты: допты балаларға лақтыру арқылы сұрақ - жауап алу.
- Бүгін қандай күн?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Кеше қандай мерекені тойладық?
- Ата заңымызға неше жыл толды?
- Достық ассамблеясының неше жылдығын тойлап жатыр?
- Қазақ хандыына неше жыл?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Бүгін бізде «Қатынас»білім беру саласы бойынша көркем әдебиет оқу іс - әрекетінің тақырыбы «Білімің - бұлағың» авторы Ақылбек Шаяхметовтың өлең жолдарымен танысамыз.
- Балалар бүгін қандай күн?
- Дұрыс айтасыңдар? 1 - ші қыркүйек күні оқушылар қайда барады?
Мектепте не істейді?
- Дұрыс айтасыңдар, мына суреттен ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Мынау суретте ше?
- Дұрыс, білім дегеніміз ол – мектеп. Балабақша бұл – екінші үйіміз.
Балалар сендер жақсы азамат болып өсу үшін, білімді, тәрбиелі,
ақылды, ұқыпты болуларың керек балабақшадан, көп нәрсе үйрен -
іп, білім аласыңдар.
- Мына суретте не көріп отырсыңдар?
- Балалар қайда бара жатыр?
- Қолдарында не бар?
- Мектептен, балабақшадан не үйренеміз?

- Мектептен балабақшаның айырмашылығы неде?

Қос тілділік: күз - осень,
қыркүйек - сентябрь,
мектеп - школа, кітап - книга
Тосын сый:
- Балалар жаңа оқу іс - әрекетіміз басталмай тұрған кезде пошташы біздің топқа сиқырлы қорапша әкеліп берген. Соны ұмытып кетіппін, көргілерің келе ме?
Ішінде не бар екенін көрейік?
- Ой балалар мына қорапшада хат жатыр. Кімнен келген екен қалай ойлайсыңдар?
Хатты ашып оқып көрейік.
Хат:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен білім елінің ханшайымымын.
Бүгінгі 1 - ші қыркүйек білім күні құтты болсын!
Топтарыңда білім күніне байланысты оқу іс - әрекеті өтіп жатқанын естіп хат жолдап отырмын. Сендер еліміздің болашағысыңдар. Мен сендерге үш тапсырма бермекшімін. Осы үш тапсырманы орындап бейне таспаға салып маған жіберіңіздер. Мен сендердің білімді екендеріңді біліп қуанып жүрейін, алдын ала сендерге рақмет. Сау болыңдар!
- Балалар білім ханшайымы дегеніміз – мұғалім. Тапсырмасы А. Шаяхметовтың
«Білімің - бұлағың»тақырыбындағы өлең жолдарын жаттау, кітапты қарындашпен бояу, дидактикалық ойын: «заттарды топтастыр және санын тап»
- Олай болса балалар біз сол Ханшайымның тапсырмасын орталықтарға текше арқылы бөлініп орындайық. (Кезекші текшені таратады)

«Қатынас» білім беру саласы
Әдебиет орталығы
Ноудбуктен слайд арқылы оқу құралын атап беру, өлең жолдарын жаттау.
Мақсаты: сөздік қорын ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамытып, тіл байлығын молайту.
«Шығармашылық» білім беру
саласы
Өнер орталығы
Кітаптың суретін бояу.
Мақсаты: суретті ұқыпты бояуға үйрету.
«Таным» білім беру саласы бойынша
Үстел - үсті ойын орталығы
Дидактикалық ойын:
«Заттарды топтастыр және санын табу»
Мақсаты: ойлау қабілеттерін арттыра отырып, эстетикалық талғамын дамыту.

Балаларды белгі бойынша алаңға жинау.
Сергіту сәті:
Біз балдырған баламыз
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарап табынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Балалардың өз қалауларымен
ІІ ауысым
- Бүгінгі оқу іс - әрекетінде не туралы өттік. Сендерге ұнады ма?
Кім өлең жолдарын айтып бере алады?
- Өнер орталығында Білім ханшайымы қандай тапсырма беріпті.
- Дұрыс орындадық па?
«Білім - таусылмайтын қазына».
- Жарайсыңдар балалар, олай болса оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сау болыңдар!
Қызылорда қаласы,
№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы КММ - сі
Тәрбиеші: Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы

Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың». жүктеу
3 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы мүшелерінің бір - біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
Күнделікті сабақ жоспарлары (Көркем әдебиет)
Күнделікті сабақ жоспарлары (Көркем әдебиет)
Күнделікті сабақ жоспарлары (Көркем әдебиет) Балабақшаға, мектепке барған балдардың қуанышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің - бұлағың» өлеңін оқып үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру;
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×