Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту

02 қыркүйек 2017, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектеп жасына дейінгі балаларды дидактикалық ойын арқылы ойната отырып олардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс – әрекеті - ойын. «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болама?!» дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: « Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілеті оянады. Ойын бала үшін нағыз өмір.
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
- дидактикалық тапсырмалар;
- Мазмұны мен ережесі және ойынның орындалуы.
Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әр түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай). Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл – ой қабілеттерін дамытады, әсіресе кішкентай топтағы балалардың өзін - өзі ұстауға, өздерінің мінез - құлықтарын қадағалауға үйретеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір – бірімен қарым – қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Қарағанды қаласы,
КМҚК «Қарлығаш»
балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна

Толық нұсқасын жүктеу
4 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі
Грузин педагогы Ш. А. Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді.
Ал, қанекей, ойнайық!
Ал, қанекей, ойнайық!
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Ойын баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше.
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.
Дидактикалық ойын "Кәсіптер"
Дидактикалық ойын "Кәсіптер"
Дидактикалық ойын "Кәсіптер"
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Ж
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×