Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

24 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің отбасым
Тәрбие сағатының бағыты: Отбасылық тәрбие беру
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін бекіту, отбасында үйлесімді қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, туған - туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу.
Міндеті: Оқушыға «Отбасы күні» мерекесі туралы түсінік беру
Көрнекілігі: нақыл сөздер, стикер, сөзжұмбақ

Тәрбие сағатының барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбер
Сәлем күн - анамыз, (қол жоғары да)
Қуанатын күн бүгін.(қол ұстасады)
Қайырлы күн, қайырлы күн,(қол кеудеде)
Күліп шықшы сен бүгін!(қол жоғарыда)

II. Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу
Кіріспе:
- Бүгінгі тәрбие сағатымызда отбасы жайлы пікірлесеміз.
Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстығына, суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Сол отбасынан үлкен өмірге қадам басамыз. Біздің өмірімізге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше.
Атақты қазақ ақыны Қ. Аманжолов өзінің өлеңінде:
Отбасы - шағын қоғам
Мен президент, сен премьер - дегені бар екен
Шынында да, отбасы - ол шағын мемлекет. Өз болмысы, өз ерекшелігі, өз дәстүрі, өз қағидасы бар.
1. Топтардың отбасы жайлы пікірлері
- Балалар, дұрыс айтасыңдар, адамның жеке болымысының қалыптасуы отбасынан басталады. Адамның бойындағы ар - ұяты, ақыл - ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым - қатынасы, мәдениеті алғашқы қадамы отбасынан басталады. Сондықтан отбасы бақытты болу үшін не қажет?(мейірімділік, сүйіспеншілік, бірлік, денсаулық. татулық, сыпайылық)

2. Менің туыстарым.
Жұмбақ
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді ешқашан,
Бәрі де өз жұртың,
Айтады, қане кім атын?(ата, ана, іні, аға, апа)
- Бұлар біздің отбасымызды құрайды. Әрбір қазақ отбасында аталар мен әжелердің алар орны ерекше. Дәстүрлі қоғамда ата - әжелер тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата - әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немерелерін, шөберелерін рухани байытып, мол тәрбие беріп отырған.(Әр топ мүшелері ата, әже туралы өлең, тақпақ айтады)
Ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, отбасына береке әкеліп, жанұяны бақытқа бөлейді.(топтардың ата - ана туралы пікірі тыңдалады)

3. Отбасымдағы өз орным
- Сенің есімің қандай мағына береді?(оқушылар өз есімі туралы айтып өтеді)
Әрбір топқа 7 сұрақтан беріледі.
1 - топқа:
1. Анаңның әкесі саған кім болады, сен оған кім боласың?
2. Жігіттің неше жұрты бар?
3. Қыз баланы жасына қарай қалай атайды?
4. Дүниеде не тәтті?
5. Анаңның ағасы кім болады?
6. Не қатты?
7. Атаңа сен кім боласың?

2 - топқа:
1. Немере деп кімді атайды?
2. Әкеңнің апасы кім болады?
3. Өзіңнен кіші ұл кім болады?
4. Анаңның апасы саған кім?
5. Дүниеде не жұмсақ?
6. Ұл баланы жасына қарай қалай атайды?
7. Жеті атаңды білесің бе?

Менің отбасым. жүктеу
3 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие мектебі – отбасы
Тәрбие мектебі – отбасы
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сәттілік тілейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×