Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата көрген оқ жонар

19 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ата көрген оқ жонар
Сабақтың мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видеожазбалар, ән

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Сәлемдесу

Кіріспе сөз
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі.
Ән: Әке – Ана

Мұғалім: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас – қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.
Көрініс: «Әкесі мен баласы»
Мұғалім: Келесі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған ана, әке туралы мақал – мәтелдерге береміз.
Ата – ана, бала туралы мақал – мәтелдер:
1. Атаңның баласы болма,
Халықтың баласы бол.
2. Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілерсің.
3. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
4. Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
5. Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
6. Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Артыңа ауыр жүк артпа.
8. Әке – асқар тау,
Ана – шалқар көл.
9. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
10. Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.

Сабақты қорыту: Әке – Аналарына арнап тілек жазу. Стикерлер арқылы жапсыру.
7 249
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие мектебі – отбасы
Тәрбие мектебі – отбасы
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі отбасының ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы,
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×