Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 Қыркүйек - Білім күні (Бастауыш сыныптарына арналған)

23 тамыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 Қыркүйек - Білім күні (Бастауыш сыныптарына арналған)
Алғашқы қоңырау
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру
5. Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата - ана, ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1 - сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару
11. Алғашқы қоңырау қағылады.
12. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.
13. Салтанатты жиын 1 - сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.

(Әуен ойналып тұрады)
I жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
ІІ жүргізуші:
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
І жүргізуші:
Жаңа оқу жылына қадам басарда өткен оқу жылында болған оқиғаларға да шолу жасап өткеніміз абзал. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің.... жылдығы қарсаңында ел рәміздерінің ----- жылдығы........
ІІ жүргізуші:
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Және биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!

ІІ жүргізуші:
Соның бірі алты құрлыққа қазақтың атын шығарған, қазақтың сайыпқыран ұл - қыздары жеңістің биік тұғырынан көрінген қоржынға 7 алтын, 1 күміс 5 қола салған, жалпы есепте 209 елдің ішінде 12 орынға тұрақтаған байрақты бәсеке ХХХ жазғы Лондон олимпиадасы. Лондон төрінде қазақтың әнұраны қалықтап, туы биіктен көрінді.

І жүргізуші:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
(Туды енгізу рәсімі)
Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

ІI жүргізуші:
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. ------------ -
2. -------------------
3. ------------------- қалалық оқу бөлімінің бас маманы

І жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.

ІI жүргізуші:
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры --------------------- беріледі.

І жүргізуші
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 2 а сынып оқушысы -------------- «Бала тілегі» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

II Жүргізуші сөзі:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің

Он бірінші сынып оқушысы. Айжан
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың
Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.

Жанар
11 - сынып оқушысы:
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.

Шоқан:
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.

11 - сынып оқушысы:
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.

I Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай, күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.

11 - сынып түлектерінің құрметіне ------------------ орындауында “Мектебім” әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.
II Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1 - сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

I Жүргізуші:
Халқымыз “Ата - баба дәстүрі - асыл мұра” дегендей “Бала – бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға
отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 - ға келіп, 1 - сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той - баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер!
(1 - сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланды)
ІІ блок
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2 - 3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.

II - жүргізуші:
Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

1 - балдырған:
Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп, (Дана)
Көп - көп оқу құралдарын аласың деп.

2 - балдырған:
Онда мына машинаңды неге тастамайсың? (Томирис)
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

3 - балдырған:
Жоқ, ол жетіге толды, (Батырхан)
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық.

Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2 - сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.

2 - сынып оқушысы:
Балалар, мектепке бармайсыңдар ма? (Аружан)

1 - Балдырған:
Мектеп. Мектеп деген ол не өзі? (Адиа)
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?

2 - сынып оқушысы:
Мектеп – ол үлкен орда,
Оқимын дегеннің бәрі сонда.

2 - Балдырған:
Онда не береді?
Менің де барғым келеді.

2 - сынып оқушысы:
Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке, (Аружан)
Оқисың, әрине, сен де мектепте.

3 - Балдырған:
Мектептен үйрендің сен нені? (Райымбек 2ә)
Көп пе оның сендерге бергені?

2 - сынып оқушысы:
Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан - жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің,

(Алишер 2 в)
Мектепте домбыра қағуды үйренесің,
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың,
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
(2 г Елнура)

Бүгін 1 – қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

I жүргізуші:
Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

II жүргізуші:
Ортаға 1 - сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1 - оқушы:
Сәлем, саған мектебім, (1а Дана)
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2 - оқушы:
Қуаныш бүгін – мереке, (1а Томирис)
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3 - оқушы:
Бірінші қыркүйек күні мен (1г Батырхан)
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

4 - оқушы:
Биыл мен де мектепке (1г Адиа)
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5 - оқушы:
Мектепке енді барамыз, (1в Қымбат)
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

6 - оқушы:
Алдыңа келіп, ұстазым, (1 в Жанеля)
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.

7 - оқушы:
Отанның біз ұл - қызы, (Мадияр 1ә)
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

8 - оқушы:
Сылдырлайды, сыңғырлайды (1 б Мейіржан)
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9 - оқушы:
Гүл толы қала, дала да, (1 б Батырхан)
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, 2 а сынып оқушысы Джумалинова Дана «Ертегілер» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

I - жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1 - сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаздарға береміз. Құрметпен ортаға 1 а сынып жетекшісі Баян Бакиқызын шақырамыз.

II жүргізуші:
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата - аналарымызға береміз. Ортаға 1ә сыныбының ата - анасы ---------------------- ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:
Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың! – келесі әсем би өздеріңе арналады.

Менің Қазақстаным орындайтын 3б сынып оқушысы, Испания, Турциядағы халықаралық байқаулардың жеңімпазы, джамбо тобының бишісі Аманжолова Айгерим қабыл алыңыздар.

II Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)
1. 11 б сынып оқушысы, оқу үздігі, қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы ----------------------
2. 1 а сынып оқушысы
3. 1ә сынып оқушысы
4. 11 - сынып түлегі
5. 1 б сынып оқушысы
6. 1в сынып оқушысы

I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.

II Жүргізуші:
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 - сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1 - сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.
1 - а сыныбы сынып жетекшісі
1 - ә сыныбы сынып жетекшісі
1 - б сыныбы сынып жетекшісі
1 - в сыныбы сынып жетекшісі
1 - г сыныбы сынып жетекшісі

Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің

І - жүргізуші:
Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған “Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

ІI жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2012 - 2013 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!
5 931
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×