Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны

31 тамыз 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
1 - қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы.

Жүргізуші:
Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.

Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі - Қазақстаным менің.

Фон
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші:
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар - демекші Восход жалпы орта білім беретін мектебінің білім шаңырағына қош келдіңіздер! Мұнда сіздерді сапалы білім, тағылымды тәрбие мен жарқын болашақ күтеді.

Жүргізуші:
Алдымызда болашаққа бастар жол
Білім үшін күрескенде қауқар бол
Сенгендері сендерсіңдер бүлдіршіндер
Еліме сен қыран құстай қамқор бол!

Олай болса, мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Алдарыңызда 1 сынып оқушылары. Сыныпта 15 оқушы бар. Алғашқы рет партаға отырғалы отырған білімге құштар балаларымызға қошемет көрсетейік. Қадамдарыңыз сәтті болсын!

Жүргізуші:
1 - сынып жетекшісі -------------------. Аяулы ұстаздан аттанған оқушылар қазіргі кезде талантты жастар. Шәкірттерін жан - жақты дамыта білген ---------------- жас ұрпақты өнегелі тәрбиесімен өрбітері сөзсіз.

Жүргізуші:
Ұстаз! Білім беретін ғажап адам
Үйреткенін ешқашан санамаған
Жас ұрпақты тәрбиелеп оқытуда
Жанұшырып бар білімін саралаған.

Бүлдіршіндеріміздің алғашқы ұстазына қошемет көрсетейік!

ФОН
Жүргізуші:
Әнұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын
Әлем танып білетін Елтаңбамды
Шәкірттер жырлаудан жалықпасын!

Жүргізуші: Мектеп! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілсін!
Жүргізуші: Ту көтеру салтанатты міндетін атқару аудандық С. Байарыстанов атындағы математика пәнінен 1 - орын жүлдегері 11 - сынып оқушысы --------------------------
Жүргізуші аудандық химия пәнінен, С. Байарыстанов атындағы олимпиадасының физика пәнінен 2 - орын жүлдегері 11 - сынып оқушысы ---------------------------------
Жүргізуші: аудандық математика пәнінен олимпиадасының 2 - орын жүлдегері 10 - сынып оқушысы ---------------------
Жүргізуші: аудандық география пәнінен олимпиадасының 3 - орын жүлдегері 10 - сынып оқушысы -------------------------
Жүргізуші: Аудандық химия пәнінен олимпиадасының 2 - орын жүлдегері 9 - сынып оқушысы --------------------------------
Жүргізуші: Аудандық математика пәнінен олимпиадасының 3 - орын жүлдегері 6 - сынып оқушысы --------------------------- тапсырылады

ГИМН
Жүргізуші:
2018 - 2019 жаңа оқу жылының басталуына орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің --------- жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны. жүктеу
2 554
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенова Айнұр Меңдігерейқызы
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×