Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңіс туы желбіре

13 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс туы желбіре
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың жүру барысы:
Өздеріңе белгілі 1941 жылы 22-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 66 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(1 минут үнсіздік)

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 66-шы көктемі де келіп жетті.
66 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
66 жыл шуақты күн таратты әнін.
66 рет көктемде содан бері
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.

Ару қыздар – алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.

Алаулап от жалындар,
Отқа ораған далалар.
Жарты ғасыр өтсе де,
Естен кетпес сол жылдар.

Қару алып ағалар,
Қырға шығып аналар.
Жеңу үшін дұшпанды,
Ту көтерді бабалар.

Бақытты өмір күн үшін,
Мәңгі тыныш түн үшін.
Қан майданда елім қан кешіп,
Ұлы жеңіс орнатты.

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Ән «Ел қорғауға әзірміз»

Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикалармен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн 870 мың қазақстандықтар болған.

Туған жер өскен орта, байтақ дала
Махаббат, ыстық жүрек, құмарлана
Сүйеді Төлегендей ер баласын
Баулыған батырлыққа отан- Ана!

Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлығымен,
Тарланбоз Талғат ағамыз.
Жүргізуші: Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. Бұл 1943 жылдың күз айы болатын.
Мәншүктің хатын оқу
Ән «Батыр бала Болатбек»

Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс – құт.

Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы

Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып

Ойлап – ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн? – деп
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті сұрағың.
- Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!

«Қазақтың қос шынары»
Ән «Әркашан күн сөнбесін»
Ән «Ақ көгершін»

Қорытынды
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем кетті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
27 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
Жеңіс туы желбіре!
Жеңіс туы желбіре!
Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ардагерлерді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту.
Ұлы Жеңіске - 65 жыл
Ұлы Жеңіске - 65 жыл
Арзакулова Бексулу Айдынгалиевна Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Қадірлейік, қарттарды, майдангерді
Қадірлейік, қарттарды, майдангерді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×