Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жеңіске - 65 жыл

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы Жеңіске - 65 жыл
Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту; Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны құрғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баули отырып, балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге баулу.
Көрнекілік: нақыл сөздер, газеттер, буклеттер, суреттер.

Барысы:
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауыл - селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.
50 млн адамның өмірін қиды. Міне, осынау еліміздің жеңісіне 65 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда ұмытпауы тиіс.
Дәл осынау жадыраңқы жай күйі,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут
Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны
( 1 минут үнсіздік)

1 - оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзен жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған
2 - оқушы:
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы
3 - оқушы:
Ару қыздар - алаулап от кешкендер
Сыздап тұр - ау әлі күн оқ тескен
Қаласыңдар мәңгілікке ел есінде
Ару қыздар - алаулап от кешкендер.
Би: Жауқазын
4 – оқушы:
Әлия 1924 жылы Қобда ауданы, Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы тәрбиелеген. Кейін ол ағасы Санкт-Петербург қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.
5 - оқушы:
Әлия ерекше ұстамды зерек болды.(буклетпен жұмыс)
6 - оқушы:
Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста еді.

7 - оқушы:
Әлия Казачиха деревниясында болған ұрыста оққа ұшты. Ол кезде ол небәрі 19 жасқа толмаған кезі еді.
Ән: Менің Отаным
8 - оқушы:
Естідім - ау Жеңіс күнін
Дүрілдейді көкпен жер
Қуанышпен қағып гүлім
Ойнақтайды қуанған ел.
9 - оқушы
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы
10 - оқушы:
Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты - Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. (буклетпен жұмыс)
11 - оқушы:
Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19 - ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.
12 - оқушы:
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Ән: Ел қорғауға әзірміз.
13 - оқушы:
Тыныштық! Жаса, тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көбейе берсін ырыс - құт
14 - оқушы:
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар
Гүлдене берсін далалар
Ән: Атамекен
Би: Қамажай
Күндер өткен күңіреніп жылдар күткен
Ана күткен, жетімек бала күткен
Келді, Жеңіс арқалап ақ арманды
Жиырма млн құрбандықпен
15 - оқушы:
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді әке бол
Жеңіс келді ән болып
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып!
Ендеше, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда жұмыс істеп, соғыстың ащылығын өз көздерімен көрген әжелерімізге сөз кезегін берейік.
Ән: «Әлия»
Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!
15 456
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ардагерлерді еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту.
Ерлік мәңгі өшпейді
Ерлік мәңгі өшпейді
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы желбіре
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×