Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні

26 наурыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар! Сәуірдің 12 - сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Бұл дүние жүзі атап өтетін мереке. Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 50 жыл толып отыр. «12 сәуір - Әуе және Космонавтика» күні деп аталатын тәрбие сабағымызды ашық деп жариялаймыз. Слайд№1.
Бүгін біз жұмбақты да тартымды ғарыш әлемімен танысамыз. Бірақ менің сендерге қояр сұрақтарым бар:
- Балалар сендер ғарыш туралы не білесіңдер? (Әр оқушы жеке ойларын білдіреді)
- Ғарыш туралы не білгілерің келеді? (Оқушылардың алғашқы білімдерімен танысу)
Бүгінгі сабақта біз космонавтиканың даму тарихымен, ғаламшарды игеруде өз үлестерін қосқан ғарышкерлердің өмірбаяндарымен танысамыз. Слайд№2.

1 жүргізуші: Адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа сапар қазақ жерінен басталды. Тарих безбенімен есептегенде ғарышты игеруге басталған қадамға көп уақыт өтпесе де адамзат баласы бұл бағытта айтулы жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Адамзаттың Ғарышты игеру жетістіктеріне тоқталатын болсақ, 4 қазанда 1957 жылы жаңа дәуір – ғарышты игеру дәуірі басталды. Бұл күні Жердің жасанды серігі алғашқы ғарышқа аттандырылды. (КСРО)
• 12 сәуір 1961 жыл – адамның алғашқы ғарышқа сапар шегуі (Ю. Ю. Гагарин, КСРО
• 18 наурыз 1965 жыл адамның ашық ғарышқа шығуы (А. Леонов, КСРО)
• 16 маусым 1969 жыл – адамның айға баруы (Н. Армстронг, АҚШ)
19 сәуір 1971 жыл – бірінші орбиталық стансы ғарышта орнатылды. Слайд№3 - 5.

1 оқушы: Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циалковсийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі. К. Э. Циалковсий Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сырқаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.
Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга қаласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мұғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады. Слайд№6.

2 оқушы: 22 маусым 1951 жылы алғашқы иттер экипажы ғарышқа аттандырылды.
Алғашқы ғарышкер – Лайка. Лайка — ғарышкер ит, ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник - 2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын. Танымал ғарышкер – иттер: Белка және Стрелка ғарышты игеруде өз үлестерін қосқан Лайканың ізбасарлары. Слайд№7 - 8.

3 оқушы: 1957 жылы 4 қазандағы алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуы адамзат тарихында ғарыш кеңістігін зерттеудің бастауы болды. Жердің жасанды серігі (Спутник) — аспан кеңістігінде өзінің белгіленген орбитасы бойымен қозғала ұшатын ғарыш аппараты. Әдетте, жасанды серіктер жерді эллипс пішіндегі орбита арқылы айнала ұшып жүреді. Орбитаның мұндай түрі ғылыми тілде геоцентрлік орбита деп аталады.
“Жердің жасанды серігі” мен “Жердің серігі” деген атаулар мүлдем бөлек. Алғашқысы адам қолымен жасалатын ғарыш аппараты болса, екіншісі — Жер планетасының табиғи серігі — Ай.
Жердің жасанды серіктері ғылыми - зерттеу жұмыстарына, әскери мақсаттарға, коммерциялық мақсаттарға (телекоммуникациялық қызметтер) кеңінен пайдаланылады. Слайд№9 - 10.

4 оқушы: 1961 — адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам баласы ұшырылды. Ол — Юрий Гагарин болатын. Слайд№11.

5 оқушы: 5 мамыр күні 1961 жылы Алан Шепард “Меркурий З” кемесімен ғарышқа сапар шекті Слайд№12.
6 оқушы: 16 маусымда 1963 жылы ғарышқа сапар шеккен алғашқы әйел - ғарышкер – Терешкова Валентина Владимировна. Жалпы ғарышта 55 әйел болып қайтты. Слайд№13.

7 оқушы: 20 ақпанда 1962 жылы “Меркурий 6 ” кемесімен Джон Глен ғарышқа сапар шекті Слайд№14.

8 оқушы: 21 шілдеде 1969 жылы американдық ғарышкерлер Армстронг және Олдрин Айға сапар шекті. Слайд№15.

2 жүргізуші: 1991 жыл Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін ерекше құт дарыған жыл болды.. Қазан айының 2 - сі күні тұнғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқонырдан «Союз ТМ - 13» кемесімен көк жүзіне көтерілді.

9 оқушы: Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27 - де Қаарғанды облысы Қарқаралы ауданында, 1 май ұжымшарында дүниге келеген. Техника ғылымдарының докторы, академик авиация генерал - майоры, 1965 - 1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға, Гагарин
Салған жлды жалғаған.
Тоқтар ағам – жан ағам.
Бұрынна да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.

10 оқушы:
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Тұңғышына бір сәлем!
Тоқтамайды осы аңыз,
Біз жолыңды тосамыз.
Тоқтар – ерлік, ерліктіә,
Күнде өлеңге қосамыз.
Ерлікпен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтар есімін
Ту ғып ұстап жүреміз. Слайд№116.

1 жүргізуші: Тоқтар Әубәкіровтың сара жолын Талғат Мұсабаев та абыроймен жалғастырып, Ғарышқа үш рет самғап ұшып қайтты. Әлі де ғарыш саласындағы қызметін жалғастырып келеді.

10 оқушы: Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — 1951 ж. қаңтардың 7 - сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1 - інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1975 — 84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси - тәрбие қызметінде.
1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
1987 — 1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2001 — 05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан - Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе - ғарыш агенттігінің директоры.
2007 ж. сәуірдің 11 - інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
Ғарышқа ұшуы
1994 ж. ғарышқа 1 - ші рет ұшқанда (Союз ТМ - 19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2 - ші рет ұшқанда (Союз ТМ - 27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда Ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3 - ші рет ұшқанда (Союз ТМ - 32) 8 күн ғарышта өткізген.
Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал - лейтенанты (2007). Слайд№17 - 18.
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні жүктеу
4 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Мақсаты: 1. Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру. 2. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - әлем әдебиеті үшін символикалық дата Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін бекітуге себеп болды.
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. Бүлдіршіндеріміздің «Мен ғарышкер боламын» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Ғарышқа қанат қаққандар
Ғарышқа қанат қаққандар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшаның бастауыш сынып мұғалімі Аркабаева Анар Амангалиевна
12 сәуір – Ғарыш  күні
12 сәуір – Ғарыш күні
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
Ғарышқа жол ашқан күн
Ғарышқа жол ашқан күн
Алғаш рет 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин аспан әлеміне жол тартқан күннен бастап, міне, дәл бүгінгі күнге дейін жарты ғасырға жетерлік уақыт өтіпті. 50 жылда адам баласының ғарышты игеруі қарыштап дамып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×