Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарышқа қанат қаққандар

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа қанат қаққандар.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер туралы, өмірбаяндарымен таныстыру. Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру: Байқоңыр ғарыш аймағы туралы танымдарын кеңейту.
Көрнекіліктер: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю. А. Гагарин суреттері, слайдтар.
Барысы: Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды I, II, III, IV топқа бөліп отырғызу. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, 12 сәуір қандай күн? Бұл күннің ерекшелігі не деп ойлайсыңдар?
Оқушы жауабы (12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күн мерекесі)
Олай болса бүгін алғашқы уақытымызды бәріміз бірге «Аспан әлеміне саяхат» жасап қайтайық.
Біздің заманды «космос дәуірі» деп атайды. Жердің жасанды серіктерінің ұшырылғаны, Айға, Шолпанға, Марсқа қарай салған ракеталар, ер жүрек космонавттардың космосқа жасаған саяхаттары жайлы біліп, естіп, көріп жүрсіңдер.
Естеріңе түсіріп көріңдер, өткенде біз (осы мектепке) қай қаладан не келді? Сендер оны қалай тамашаладыңыздар? Сондағыдан естеріңде не қалды, не көрдіңдер?
(Ақтөбе қаласынан «Планетариядан») меркурий, шолпан, марс, жер, юпитер, сатурн, уран, нептун таныстық.
(оқушылар өз білгендерін баяндайды. Ергежейлі мен оның досы туралы, аспан әлеміне саяхат) Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгін, яғни, 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика күні құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Ендігі кезекті осы ғарышкерлер күніне арналған «Ғарышқа қанат қаққандар» атты әдеби музыканың бөлімді жалғастырайық.
І топ «Ертегіде ұшқандар»
Тапсырмасы: ертегілер бойынша сурет салып, ғарышкерлерге құттықтау хат жолдау.
«Ғарышкерлерге мың сәлем» - өлең жолдарын айту. (Гауһар, Гүлфайруз, Аймереке, Айдос) Әсемгүл, Нұршат, Нұрдәулет, Қуанышбай, Алтынбек, Сұлтан, Дамир.
Ал, халайық, тұрмайық,
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Інжу маржан шашайық.

Ғалымдардың ғалымы,
Ғарыш әлемі жайында
Кешімізді бастаймыз
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Ұлдарына бір сәлем!
Хор: «Біз космонавт боламыз»
ІІ топ «Болашақта ұшатындар»
Тапсырма: Бұл мамандықты не үшін таңдадың? (эссе жазу)
«Ұшқыш – батыр ағалар» монтажын жалғастыру.
Ғарышкерлер өмірбаяндары туралы мәліметтермен таныстыру. Ю. А. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев (Ботагөз, Гауһар, Аққу, Ербол, Нұржайна, Аружан, Ерсұлтан, Қыдырәлі)
ІІІ топ «Түсінде ұшқандар»
Тапсырма: Өздерінің қызықты түстері туралы әңгімелеу.
«Қос ғарышкер – қос батыр» суреттерімен таныстыру, өлең жолдарын арнау. (Ғаламат, Інжу, Алтын, Шахназ)
1. Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем,
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік, ғарыш керек,
Көз жұмбасақ ерлікке, самғап бекер!
2. Алыс көктен,
Айға жеткен,
Айдан өткен кемеміз.
Марстан да,
Алыс жайға,
Ғарышқа да келеміз.

3. Жарқыл атқан,
Жарқылдатқан,
Жалындатқан ұл – қыздар.
Жас болаттар, қос қанаттар,
Космонавттар, жұлдыздар.
IV топ «Табиғат қорғаушылары»
Тапсырма: Зымырандардың табиғатқа тигізетін зияндары?
«Байқоңыр - ғарыш айлағы»
(Сүйініш, Аслан, Нұрдәулет, Алтынбек, Зарина)
1. Ғарышкерлер мекені –
Қазақ жері Байқоңыр
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр.
2. Тоқтар, Талғат ағалардай,
Болу үшін ғарышкер.
Жұрт қызыға қарағандай,
Болу керек намысты ел.
3. Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтардың есімін
Туғып ұстап жүреміз.
Ойын «Кім көп біледі?» (Орысша – қазақша сөздіктер)
Планета – Ғалам Зымыран - ракета
Космос – Ғарыш Жер шары - глобус
Космонавт – Ғарышкер Көк аспан – синее небо
Самолет – ұшақ Жұлдыз – звезда
Слайд: Ғарыш кемесі – әрі үй, әрі ғылыми лаборатория, мұнда ғарышкерлер тұрады және жұмыс істейді. Ғарыш кемесінің бірнеше түрлері бар. Олар: «Восток» - бір орында, Ю. А. Гагарин ұшқан «Восход», «Союз», «Салют», «Прогресс», «Мир» ғарыш кемелері орбитаға көтеріліп, ғарыш станциясын құрды.
Слайд. «Ұшып келем» Сағи Жиенбаев. Хормен оқыту.
Ұшып келем, ұшып келем,
Ұшып келем, көгімде,
Мөлдір аспан төрінде.
Көкте жүріп қызығамын
Жердегі -
Сонау, сонау өзімді ұшқан өңірге
Бұл не? (Ғарыш кемесі)
«Бейтаныс планета»
«Планеталармен танысу» көрінісі.
Бір күні біздің Қыдырәлі ғарышкер ағалармен бірге көкке көтеріліп аспан әлеміндегі планеталармен танысып қайтты. Ол бізге қызықты болғанын айтып берді, өзі де болашақта «ғарышкер» болуды армандайды; сол қызықты сендермен бөліскісі келеді.
(әр планета туралы жазылған қағазды таратып берді) оқушылар өздері оқып береді.
1. Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета. Күнді бір рет айналған кезде ол 88.
2. Шолпан – ең ашық планета. Шолпанда көп сөнбеген жанартаулар мен қайнаған теңіздер бар.
3. Марс – Күннен кейінгі төртінші планета. Оны қызық планета деп атайды, себебі оның құрамы қызыл тастардан тұрады.
4. Жер – Күнді айнала 29, 8 км/с жылдамдықпен айналады. Ғалымдардың пікірінше, бұл Күн жүйесіндегі су мен өмір бар жалғыз планета.
5. Юпитер – Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. Оның көлемі Жермен салыстырғанда 1300 есе үлкен.
6. Сатурн планетасының жарқырауық сақиналары бар. Олар көптеген тастардың жарқыншақтарынан, мұздан және шаңнан тұрады, ал Сатурнның беткі қабаты қатты емес.
7. Уран тоғыз сақинамен қоршалған. Ол жерде қараңғы және суық, себебі ол Күннен алыс орналасқан.
8. Нептун көгілдір түстес жарқырайды. Оның беткі қабатында қатты желдер соғады. Күн жүйесінің бұл планетасы Күннен өте алыс орналасқан.
Сабақты қорыту. «Ұшақ» құрастыру.
Алдыңғы бөлігі 1961ж. 12 сәуір – ең алғашқы Ю. Гагарин ұшқан күн.
Корпусы 1991ж. 2 қазан – тұңғыш қазақ ғарышкері ұшқан күн. Т. Әубәкіров.
Қанаты 1994ж. 1 шілде – Т. Мұсабаев ұшқан күн.
Қозғалтқыш ВОСТОК – Ю. Гагарин 1 орынды ұшақ кемесі
Артқы бөлігі СОЮЗТМ – 13 СОЮЗТМ – 19 Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаевтың ұшақ кемесі.
«Ұшқыш болғым келеді» Қасым Аманжолов
(Әр топ 1 шумақтан орындайды)
1. Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан,
Самолеттей сұңқармен
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді.
2. Көңілі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан,
Ұшқыш болғым келеді.
3. Ар – намысын ақтаған,
Жүректе жыр жаттаған,
Туған елім – ұясын
Жан – тәнімен сақтаған,
Ұшқыш болғым келеді.
4. Жаны жерлерге қонбаған,
Жатқан көңілі талмаған.
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған,
Ұшқыш болғым келеді!
Ән «Жұлдыздарға жол»
15 692
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні
12 сәуір - дүниежүзілік Космонавтика күні
Бүгінгі сабақта біз космонавтиканың даму тарихымен, ғаламшарды игеруде өз үлестерін қосқан ғарышкерлердің өмірбаяндарымен танысамыз.
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. Бүлдіршіндеріміздің «Мен ғарышкер боламын» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні
12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол
Ғарышқа ұшу
Ғарышқа ұшу
Қызылорда қаласы, №101 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Қарлығаш
Ғарышқа ұшу
Ғарышқа ұшу
№35 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Курманова Лида Аманбайқызы
Ғарыш қонақтары
Ғарыш қонақтары
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×