Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз мерекесі

29 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Алтын күз» мерекесі
Безендіру: Зал «Алтын күз» мерекесіне байланысты безендірілген.
Мақсаты: «Алтын күз» мерекесінің кереметтерін - күз - байлық, күз - береке, күз - молшылық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Кейіпкерлер: Бұлт, Күн, Алтын күз.
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады).
Жүргізуші:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
1 бала:
Алтын, сары, қызы, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2 бала:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
3 бала:
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты
Құлап жапырақ солыпты.
4 бала:
Ой, балалар, балалар,
Ел егінін орыпты
Қамбалары толыпты.
Ән: «Күз»
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұр.
(жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Бұлт:
Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші:
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғынды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
– Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.
Ән: «Жаңбыр»
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ!
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?
Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз!
(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуғы шақырады)
Бұлт: Сеңдердің ойнағыларың келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.
Ойын: «Қолшатыр»
Жүргізуші балалармен:
Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жаңбыр келіп жауады
Тамшылары тамады.
(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орындарына отырады).
Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады).
Күн келеді.
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар: Иә!
Күн:
Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне
Бала жанын ұғамын.
Бұлт:
Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзімен менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық.
Күз келеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ырысқа толы қоймалар,
Сабан тойы тойланар.
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
– Сендер мені шақырдыңдар ма?
– Мен жалғыз келген жоқпын, өзіммен кішкене жапырақтарымды ала келдім. Кәне ортаға шығып шыр айналып жапырақтарым би билейік.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.
Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар»
(Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
Күз:
Жарайсыңдар, балалар!
Күн мен Бұлт тату болса
Бәрі де көңілді.
Тақпақтар...
Жүргізуші:
Күн менен су бар жерде
Бау – бақшада гүлденер.
Ортаға шық, балалар,
Ән: «Бақша әні»,
(Ән айтылып жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).
Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?
Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!

Алтын күз мерекесі. жүктеу
3 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Берекелі, алтын күз! Утренник
Берекелі, алтын күз! Утренник
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, алтын күз!
Қош келдін алтын күз
Қош келдін алтын күз
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл жарқын күз. Сары алтынға малынған, Жетті міне алтын күз.
Алтын күз!
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Алтын күз келді, бақшама!
Алтын күз келді, бақшама!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі - түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам? Балалар: Күз мейрамы!
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×