Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз!

23 қазан 2019, Сәрсенбі
Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы,
Қызылқайың ауылы, Березняк ЖББОМ - нің
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Зурманбай Балгуль

Тақырыбы: Алтын күз!

Құрметті қонақтар, балалар! «Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
1 - бала:
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр
Қойны тола дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.

2 - бала:
Қандай өзі береген,
Алмасын - ай алмасын.
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.

3 - бала:
Өрік шие, балы бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.

4 - бала:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

«Күз - жомарт» әні орындалады. Әнін жазған Д. Ботбаев.
Бастаушы: Балалар, күз мезгілі келіп жетті.
- күз мезгіліне қандай айлар жатады?
- күзде қандай құбылыстар болады?
- ауа райы қалай өзгереді?
Күзде жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Айнала түрлі түсті кілем жайғандай. Енді жапырақтар туралы тақпақ тыңдайықшы.

1 - бала:
Алтын сары қызыл көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2 - бала:
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
3 - бала:
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.

Бастаушы: Балалар қараңдаршы менің қолымда алуан түсті жапырақтар. Қандай керемет! Енді біз осы жапырақтармен ойын ойнайық. Мен жапырақтарды шашып жіберемін, ал сендер оны жинайсыңдар. Кімде кім мол жапырақ жинаса сол жеңіске жетеді.
Ойын: «Кім тез жинайды» деп аталады.
Осы кезде ішке Алтын күз өз байлықтары жемістермен бірге келеді. Алтын күздің ішінде сары ала көйлек қолында себетке салған жемістер. Ішінде алма, өрік, қара өрік, құлпынай, шие, қарақат еріп келеді.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!(жемістер иіліп амандасады.)
Міне мен бүгін орталарыңа өзімнің байлығым - жемістерімді ерте келдім. Жаз бойы күтіп баптап, күздің келуін асыға күттіңдер. Жемістерімді қабыл алыңдар. Әрқайсысы өзі туралы айтып береді.

Толық нұсқасын жүктеу
18 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Берекелі, алтын күз! Утренник
Берекелі, алтын күз! Утренник
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, алтын күз!
Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!
Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!
Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Тақпақтарды мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Би элементтерін нақты орындауға жаттықтыру
Жомарт күз
Жомарт күз
Ақтөбе қаласы балабақшада тәрбиешісі Шайым Бағыбергенова
Күз басы-береке
Күз басы-береке
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы: Береке басы – алтын күз Құрметті ата-аналар және апайлар! Бүгін біз 2-кішкентайлар тобында «Береке
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×