Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты өмірді таңдаймыз!

08 қараша 2022, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс тәрбие сағатының әзірлемесі
Тәрбие сағаты коррекциялық мектептің 10 - сынып оқушыларына арналған
Осы іс - шараның мақсаты: оқушыларға жаман әдеттерден аулақ болуға, нашақорлықтың, шылым шегудің, маскүнемдіктің алдын алу.
Тәрбие сағатының тақырыбы:«Біз бақытты өмірді таңдаймыз!»
Мақсаты:
1. Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
2. Танымдық қабілеттерін дамыту: ойлау, есте сақтау, зейін қою; сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, СӨС туралы түсініктерін кеңейту.
3. Балалардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
 Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
 Өзін - өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс - әрекеттерден аулақ болу.
 Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ.
Көрнекілігі: «Біз бақытты өмірді таңдаймыз!»атты плакат, қанатты сөздер, слайдтар, бейнетаспа.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық “Шаттық шеңбері”
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі сабағымызда мен сендерге жақсы көңіл - күй сыйлағым келеді. (Слайдта күліп тұрған күннің бейнесі)
- Мынау не балалар?
- Күн.
- Күн не істеп тұр?
- Күн күліп тұр
Ия, Күлкі деген керемет
Бәрімізге ол керек
Қуаныш пен шаттықтың
Белгісі болып есептеледі екен.
- Ендеше балалар, қазір мен сендерге мына күліп тұрған күнді сыйлаймын! Жақсы, балалар, қараңдаршы бүгінгі күн не деген әдемі, неткен әсем. Күн өз жылуын бүкіл Семей қаласына, жер бетіне төгіп, таратып, шапағатын сеуіп тұр. Ендеше біз сол күнге сәлем берейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Сәлем бердік, табиғатқа!
Сәлем бердік, баршаға.
Балалар, мен сендерді Астана қаласында қазір өтетін «Айтуға оңай...» бағдарламасына шақырғым келіп отыр. Бүгінгі қарлатын мәселе «Біз бақытты өмірді таңдаймыз!» тақырыбында өтеді екен. Ендеше біз сол бағдарламаға барып өз ойларымызбен бөлісіп қайтсақ қалай қарайсыңдар?
Балалар: - ия, ия барайық, қатысайық.
 Ендеше балалар Астана қаласына немен барамыз? (Поездбен, ұшақпен, автобуспен...)
 Ұшақпен
 Ұшаққа отыру үшін не керек?
 Билет керек.
 Билетті қалай аламыз?
 Сатып аламыз.
 Қазір бізге билет сатып алу үшін не керек?
 Ақша керек.
 Ақша табу үшін не істеу керекпіз?
 Еңбек ету керекпіз.
 Ендеше, балалар, қазір еңбектеніп, мына сұрақтарға жауап беріп, ақша табасыңдар.
Сұрақ: Балалар өмір дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?
Қуат: Өмір - сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;
Гүлдана: Өмір - сұлулық, сүйсіне біл;
Айшуақ: Өмір - арман, жүзеге асыр;
Аят: Өмір - парыз, орындай біл;
Берік: Өмір - ойын, ойнай біл;
Әділ: Өмір - байлық, бағалай біл;
Ерсайын: Өмір - махаббат, ләззат ала біл;
Гүлнәр: Өмір - құпия, сырын аш;
Еділ: Өмір - қайғы, көтере біл;
Гүлдана: Өмір - күрес, жеңе біл;
Керім: Өмір - бақыт, баянды ете біл.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Сендердің жауаптарына өте ризамын!
Ән: «Балапаным» әні орындалады, балалар Ұшаққа отырады.
Жүру барысы:
Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Алтын уақытын бізге қиған көрермендер. «Айтуға оңай...» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгінгі қаралатын мәселе өмір жайлы болмақ.
Астында шетелдік машина, бірақ қатты ауырады. Ол адам бақытты ма?
Миллион теңге ақшасы бар, бірақ ауырады. Ол адам бақытты ма?
3 үлкен әдемі үйі бар. Бірақ ауырады – ол адам ше? Жоқ.
Ал сонда дүниедегі еңбасты бақыт не екен?
- Денсаулық.
1 - сұрақ: Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ерлан: Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2 - сұрақ: Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Гүлдана: Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3 - сұрақ: Денсаулыққа не зиян?
Айым: Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу.
4 - сұрақ: Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Гүлнәр: Ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
5 - сұрақ: Біз не үшін тамақтанамыз?
Қуат: Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
6 - сұрақ: Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?
Гүлдана:
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі.
Тәрбиеші: Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.. Өмір былайша алып қарағанда төрт - ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Өмірдің кедір - бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбей, жасқанбай, өту - ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, қиындықты жеңсең – сол бақыт.
Керім: «Өмір» тақпақ.
Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Тәрбиеші: «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір сүруге қол жеткізу үшін 3 бағытта өмір сүру керек делінген.
Олар:
1 - бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2 - бағыт «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3 - бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
Бүгінгі кешімізде «темекі, арақ, нашақорлыққа» байланысты ой қозғамақпыз.
Ендеше студия қонақтарымен таныс болыңыздар.
1. №25 мектеп - интернатының директоры: С. Қ. Абылқасымов.
2. Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары: Г. Ж. Маханбаев.
3. Директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары: Л. Т. Ерханова.
Тәрбиеші: Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ бізді қоршаған ортамызды жаман әдетті аурулар қаптап кетті. Олар нашақорлық, СПИД, ішімдікке салыну сияқтыларды айта аламыз. Соның ішінде жастар арасында нашақорлық әдеті өте көп тарап кетті. Бұған біз кімді кінәлаймыз?
Директорға сөз.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері жайлы, және статистика бойынша елімізде қанша адам нашақор ретінде тіркелген?
Мектеп дәрігеріне сөз:
Тәрбиеші: Адам баласы тағдыры тастан берік, гүлден нәзік дейді екен қариялар. Ия, расында да басында бағы бар, астында тағы бар, 12 мүшесі сау кезде адамның бәрі мықты, бәрі күшті көрінеді. Ал бастан бақ, астыдан тақ тайған кезде, денсаулықтан айрылған кезде ше? Біздің кейіпкерімізде де, кезінде бәрі болған еді. Өмір аяқ астынан өзгеріп сала берді.
Бейне таспадан мына бір жанның өз өмірі жайлы баяндаған әңгімесін тыңдап көрейік. Кейіпкеріміз өз бейнесін көрсетпеуін сұрады.
Менің ата – анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата – анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан – кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір – екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатуды да шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата – анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Қазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Тәрбиеші: Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?
Балалар: Ата - анасының баласына көңіл бөлмеуі, бала бос уақытын тиімді пайдаланбауы. Жаман ортаға тез бейімделуі.
Слайд: Темекі, Арақ, Нашаның адам денсаулығына тигізетін әсері.
Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік.
Электрондық пошта келеді.
Тәрбиеші: Балалар, қане электрондық почтадағы хатты оқиық, кімнен хат келді десеңші?
Электронды почта: «Темекіден хат»
Қуатқа хат: Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Мені шегіп рақаттан. Көңіл – күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менің досым бол, кел, кел!
Керімге хат: Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш – жігерің артады, көңіл – күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.
Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.
Көрініс:« Үш пәледен аулақ бол»
Керім: Ух, жаным ай, мына күйкілжің күйбең, тіршілік менің жанымды жегідей жеді. Істейін десең жұмыс жоқ, жаныма әбден батты. Ең құрығанда еккен бидайымнан пайда болмады. Құрт жеді, құрттан қалғанын нарық көтермеді, ішім күйіп барады. Жанымды қоярға жер таппаймын. Үкіметтен үй саламын деп несие алғанмын, оны да төлей алмадым. Қарызым екі миллионнан асып кетті, не істеймін, не істесем жаным жай табады?
(Адамды арақ, темекі, есірткі айналып жүреді)
Ерлан: Әй адам, неге жүрсің серіксіз? Кел, танысайық, жақында. Әй адам, сен күйінбе мына мені ішіп ал, жаныңа рахат аласын. Қарашы мен қандай мөлдірмін. Мына мені ішсең бар ғой, көңіл - күйің көтеріледі, қайғының бәрін ұмытасың, рахат сезімге кенелесің, жеңілдеп қаласын. Мә, мені ішіп ал.
Қуат: Ал мен өте әдемі және тартымдымын, ісім қандай жағымды десеңші, шіркін! Әй адам шегіп ал да бір шаршағаныңды ұмытып, рахатқа бөленсеңші. Менің досым болуға келісесің бе адам? Мені Менің досым болуға келісесің бе адам? Менің досым болшы.
Гүлдана: Бәрінен де мен күштімін! Көңілім құлазыған, ісі еріккен, байлықтан басы айналған адамдар үшін ең рахаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені ішкенде немесе пайдаланғанда күш жігерің артады, көңіл - күйін көтеріледі. Өмірдегі барлық қайғы мұңыңды ұмытасың, тіпті мүлдем ойламайсың. Әй адам келе ғой, менімен дос болшы, мен сені еш уақытта тастамаймын.
Керім:
О, жаратқан, жаратқан
Жұрттың аузын қаратқан
Ағайынды үшеуі
Қандай пәле таратқан.
О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар
Үшеуі де үлкен жау
Арақ, темекі, есірткі
Үшеуі де ауыр дерт
Бүкіл елді бүлдірмей
Арамыздан аулақ кет.
Міне, достар, өмірдің мәнін енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға әуес болма!
(адам қолындағы қамшымен үш пәлені соғып, қуып шығады)
Қуат:
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.
«Сағат бойынша достар» жаттығуы
Мақсаты: Бағдарламаға келген қонақтар арасында көңіл - күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сіздер осы әр сағат нөмірінің қасына қастарыңызда отырған көрермен есімдерін жазып шығыңыздар.
Әр нөмірге жазылған көрермен келесі нұсқауларды орындаңыздар:
1. Күлімсіреңіз
2. Қолын қысыңыз
3. Арқасынан қағыңыз
4. Комплимент айтыңыз
5. Қол бұлғаңыз
6. Көзіңізді қысыңыз
7. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
8. Бір тілек айтыңыз
9. Послать воздушный поцелуй
10. Массаж жасаңыз
11. Арқаларыңды сүйкеңдер.
12. Құшақтаңыз.
ӘН: «ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА»
1) Тыңда досым мен айтайын от тілек
Дүниеден кетті бай да, өтті бек
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетің мен тұрсаңдағы көк тіреп
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң
Зерлі шапан киінсең де жақұттан
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан
Қ - сы
Бақ құсыңды қонған кезде бағала
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
Өміріңе немқұрайлы қарама
Бақ құсыңды қонған кезде бағала
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала
Қанша азап көрсеңдағы бауырым
Өміріңе немқұрайлы қарама
2) Тұсау салып бастатқызбай көш дара
Етседағы дұшпан күлкі, дос таба
Өміріңе немқұрайлы қарама
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың
Өміріңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың
Хормен: Кімде - кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата - анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл - қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!
Қорытынды:
Біз бүгінгі бағдарламамызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» дегендей«Өмірдің қызығын көрудің бір - ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіздер – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
Жақсыға жақын жүріп, жанымызды жадырата білсек, біз үшін төнген қауіп жоқ, бойды басар дерт те жоқ деп қорытындылағым келеді.
Олай болса, өмірден өз еншілеріңізді алудан кеш қалмаңыздар!!!!
ӘРИНЕ, БҰЛ «АЙТУҒА ОҢАЙ...» бағдарламасы!!!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
3 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім - сөзінің мән-мағынасын аша отырып, оқушыладың ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
Мен өмірді сүйемін
Мен өмірді сүйемін
Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×