Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені саудың – жаны сау

12 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені
№258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелігі: «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;
2. Кіріспе сөз
3. Оқушыларды үш топқа бөлу;
1-топ, «Сауықтыру саяхатшылары»
2-топ, «Тазалық саяхатшылары»
3-топ, «Спорт саяхатшылары»
4. 1-топпен бірге «Зиянды заттар» ауылына саяхат.
2-топпен бірге «Тазалық» ауылына саяхат.
3-топпен бірге «Спорт» ауылына саяхат жасалады..
5. Әр топтың атауына байланысты тест сұрақтары мен қосымша сұрақтар қойылады.
Топтардың міндеті қойылған сұрақтарға толықтай және жылдамырақ жауап қайтаруға тырысу керек.

Кіріспе сөз
«Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбатта та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық әлеміне» саяхат жасаймыз.

Қорытынды: «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатымыздың соңына келіп жеттік. Әр адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек. Бізге өте қымбат дүние десек те болады. Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болулары керек. Тәрбие сағатымызға ат салысып қатысқандарыңыз үшін өте ризамыз. Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
26 338
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; Ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Бокей ордасы ауданы, Борли ауылы. М. Бегалиева атындағы жалпы орта мектебі Бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалім Сагадат Байболова Саржановна
Салауаттылық – менің қалауым
Салауаттылық – менің қалауым
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңаталап бастауыш мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұхаметжанов Еркін Сайлауұлы
Ажалмен ойнама, айналайын
Ажалмен ойнама, айналайын
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалім Омарова Айгүл Серікжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×