Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттандыру технологиясының пайдасы және зияны

04 қаңтар 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жоспар:
1. Кіріспе сөз
2. Компьютердің пайдасы және зияны жайында
3. Ғаламтордың пайдасы және бала денсаулығына зияны туралы
4. Ұялы телефонды қолдану
6. Қорытынды

ХХІ ғасырдың бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Кешегі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі - ақпараттық технологиялар саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп, компьютерлік сауаттылық 2012 жылы 60%-ға дейін өсуі керектігін атап өтті. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.

Жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?
Компьютере 1 - 2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5 - 10 минут үзіліс жасап тұрады.
Клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Компьютерлік сырқат белгілер:
1. Көздің көру қабілетінің нашарлауы.
2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы
Компьютердің пайдасы қандай?
1. Байланысқа кіру. Ғаламтор - байланысқа кірудің жаңа бір түрі.
2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылар санының уақыт өткен сайын өсуі.
3. Қатысу. Ғаламтор адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым - қатынасқа түсіре алады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдам түрі.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс - қағаздарды сақтаудың жеңілдігі.

Компьютерді дұрыс орналастыру
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары - төмен, оңға - солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған - тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.

1. Балаңыздың ғаламторда қанша уақыт отырғанын қадағалай аласыз ба?
2. Ғаламторға жиі жүгінесіз бе?
3. Ғаламтордың бала денсаулығына зияны?

Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Гормональдық тепе - теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым - қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл - ойы әлі қалыптаспаған ұл - қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.

Ғаламтордың пайдасы
Шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.

Ұялы телефонды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?
Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі
Жалпы ереже
1. Ұялы телефон оқушының өз меншікті заты болып табылады.
2. Оқушылардың меншікті заттарын мектеп әкімшілігі өз жауапкершілігіне алмайды.
3. Ұялы телефонды сабақ үстінде кедергі жасамауын қадағалау.
Сабақ кезінде
1. Сабақ үстінде ұялы телефонды міндетті түрде өшіріп немесе дыбысын басып қою қажет.
2. Сабақ кезінде оқушылар ұялы телефонды ақпарат алмасуға, калькулятор, фотоаппарат немесе видиокамера ретінде қолдануға тиым салу.
3. Оқушыларға мектеп ішінде наушниктермен және плейермен жүруге тиым салу.
4. Ұялы телефон парта үстінде, оқушылардың қолдарында және ашық жерлерде тұруына тиым салынады.
5. Мұғалім сабақ кезінде оқушыдан ұялы телефонды өз жауапкершілігіне алуға, оны сақтауға құқығы жоқ.
Үзіліс кезінде
1. Оқушыға қауіпсіздік мақсатында ұялы телефонын қараусыз қалдырмауы ескертілсін.
2. Оқушы ұялы телефонын қажетті шұғыл жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.
3. Мектептегі қатаң тәртіпті сақтау мақсатында мұғалім оқушыдан ұялы телефон мен плейерді ала алады, тек ата - анасы немесе оның орнын ауыстыратын адамдар міндетті түрде хабардар болуы тиіс
Ұялы телефонның қандай зияны бар?

Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенттің бала психикасына әсері
Бүгінде «maіl. ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl. ru» компаниясының деректеріне жүгінсек, «м - агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап отыратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
* Интернет - тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық – эмоционалды «наркоманияға» жатқызады
* Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10 - 14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез – келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс - әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс - әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.
* Интернет – тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді.
Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:
* 1. Жеңіл қызығушылық кезеңі.
* 2. Қызығушылық кезеңі.
3. Тәуелділік кезеңі.
4. Құштарлық кезеңі.
* Ғаламтор мен ұялы телефондағы агентке тәуелділіктің апаратын жолы:
* Зорлық - зомбылық
* Қылмыс
* Жыныстық бұзылу
* Діншілдік
* Суицид
* Жүйке жүйесінің тозуы
* Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)

Ғаламтордың зиянынан сақтандыру
* Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата - ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет - журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық - зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпараттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі.
* Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата - анасы рұқсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата - анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз - өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата - анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті.
* Мамандардың ақыл - кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Баламыздың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыруымыз да – ата - аналық парызымыз.
* Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясымен байланысуы жылдан - жылға артып келеді. Интернет арқылы көптеген мәліметтер алады, білімін толықтырады.
Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.
* Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың, әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді
* Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясымен байланысуы жылдан - жылға артып келеді. Интернет арқылы көптеген мәліметтер алады, білімін толықтырады.
Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады
* Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың, әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді

Қызылорда облысы,
Қазалы аудандық балалар әуез мектебі
Ізмаханова Құралай Еламанқызы
«фортепиано» класының оқытушысы
76 486
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің пайдасы мен зияны
Компьютердің пайдасы мен зияны
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны. - Компьютермен дұрыс жұмыс жасай білу қаншалықты маңызды? - Компьютер мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең
Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернеттің пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау, қорытындылау. Тәрбиелік: Балаларға интернеттің пайдасы мен зияны жайлы айту, зиянды ойындардан, бұрыс жақтарынан сақтау.
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны (пікірталас)
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны (пікірталас)
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Айгуль Бактыгалиевна
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×