Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру

20 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық процесс. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялық мәселелерін табысты түрде шешу істерінің:

1) ақпараттандыру саласындағы ғылыми - әдіснамалық, заң шығару және нормативті - құқықтық негіздер сапасына:
2) есептеу техникасы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар аймағында атқарылып, жатқан іргелі, әрі қолданбалы зерттеулер мен ғылыми - техникалық әзірлемелер деңгейіне байланысты екені белгілі болуда. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық Қазақтан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан оқыту - үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы» оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екі жүзден аса электрондық басылымдар ұсынылды.

Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысуына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Бұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай - ақ қазіргі кездегі ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту саласында мамандарды біріктіруге күш салуда. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай - ақ оқушының танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай - ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі - пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек - сигналдар арқылы оқыту, т. с. с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. жүктеу
2 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×