Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір-нұрлы болашақ

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Салауатты өмір – нұрлы болашақ
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зияны жайлы түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау.
Дамытушылық: Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру. Жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу. Жауапкершілігін арттыру.
Тәрбиелік: Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд «Салауаттылық – денсаулық кепілі», денсаулық, спорт жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар, тақырыбы жазылған плакат.
Түрі: Топтық сайыс

Барысы:
Мұғалім:
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.

Сондықтан ел Президентінің "Қазақстан - 2030” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты талап.

Кейде адамның денсаулығы түрлі жағдайларда, түрлі себептермен бұзылып жатады. Мысалы; көлік апаты, қыста тайып құлау, ойнап жүріп балалардың дене жарақатын алуы.
Ал, ең өкініштісі – адамның өз денсаулығына кері әсер ететін, тіпті өміріне қауіп төндіретін зиянды әдеттерге әуес болуы болып отыр. Бұл айтылған зиянды әдеттер: шылым шегу, нашақорлық және ішімдік ішу.

Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса солай қарай бейімделеді, жаман әдеттерге оп оңай бой алдыра салуы да әбден мүмкін. Сондықтан да жасөспірімдерді осындай жаман әдеттерден сақтандыру үшін бүгінгі тәрбие сағатымыздың маңызы зор деп ойлаймын. Олай болса, «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты тәрбие сағатқа қош келдіңіздер!
Тәрбие сағат үш топтың сайысы түрінде жүргізіледі.
1 - топ: «Денсаулық» тобы (Темекіге қарсы топ)
2 - топ: «Болашақ» тобы (Есірткіге қарсы топ)
3 - топ: «Салауат» тобы (Ішімдікке қарсы топ)

Сайыстың кезеңдері:
1. Таныстыру (әр топ өз ұраны мен төсбелгілерін таныстырады)
2. Жоба қорғау (зерттеу жұмыстарын слайд бойынша түсіндіріп, қорғап шығады)
3. «Уланбасын өмірің» үй тапсырмасы ( эссе жазу немесе өлең оқу)
4. «Жылдам тап» (мақал айту)
5. Жарнама (сурет салу)
6. «Жаманнан жирен» (ассосация құру)
7. Проблемалық сұрақ
8. «Есіңде сақта!» (ассосация)

Сайысты бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Қазір көктем мезгілі болғандықтан, санаулы күндерден кейін жер бетіне қырда өсетін көктемнің алғашқы гүлі - жауқазын жайқала өсіп шығады. Сендер әр кезең бойынша алған ұпайларыңа жауқазын аласыңдар. Қызыл жауқазын - 10 ұпай, сары жауқазын - 9 ұпай, қызғыш жауқазын - 8 ұпай. Сайыс соңында қай топ көп қызғалдақ жинайды, сол топ жеңіске жетеді. Олай болса, сайысты бастайық.

1. Таныстыру (әр топ өздерінің ұраны мен төсбелгілерін таныстырып өтсін)
1 - «Денсаулық» тобы
Біздің топ: «Денсаулық»
Біздің ұран: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың»

2 - «Болашақ» тобы
Біздің топ: «Болашақ»
Біздің ұран: «Есірткіні даттаймыз,
Салауатты өмір салтын сақтаймыз.
Біз - жасөспірім қауымы,
Жаман жолды баспаймыз.
Ақылды, нық сеніммен,
Болашаққа аттаймыз.»

3 - «Салауат» тобы
Біздің топ: «Салауат»
Біздің ұран: «Болар бала кісілікке үйір,
Тозар бала ішімдікке үйір.»

2. Жоба қорғау (зерттеу жұмыстарын слайд бойынша түсіндіріп, қорғап шығады)
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарын қорғау керек.
«Денсаулық» тобының тақырыбы «Темекінің адамзатқа тигізетін зияны»
«Болашақ» тобының тақырыбы «Есірткісіз болашақ»
«Салауат» тобының тақырыбы «Ішімдіктің зияны»

3. «Уланбасын өмірің» үй тапсырмасы
Әр топ зиянды әдеттер жайында эссе жазады, өлең оқиды немесе өздері өлең шығарады.

4. «Жылдам тап» деп аталатын сайыс кезеңінде әр топ оқушылары өздеріне берілген сөздерді қатыстырып жылдам мақал айту керек. Мақал зиянды әдеттер мен денсаулыққа қатысты болуы керек.
«Денсаулық» тобына (Тіле, сырқат, дәрі, ауыз, жарлы, нұқсан)
1. Біреуге өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
2. Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
3. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
4. Ішің ауырса, аузыңды тый.
5. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
6. Арақ - арыңа нұқсан,
Темекі - тегіңе нұқсан.
«Болашақ» тобына (Жирен, жолама, байлық, ем, салауат, шымыр)
1. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
2. Есірткіге жолама,
Жетелейді молаға.
3. Денсаулық - зор байлық.
4. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
5. Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
6. Шынықсаң шымыр боларсың

«Салауат» тобына (Шарап, әзәзіл, жеті, күлдіреді, азғын, ас)
1. Кәпір ғұрыпты бұзады,
Шарап шырықты бұзады
2. Әзәзәіл қоздырады,
Арақ тоздырады.
3. Жол жеті түнде,
Арақ тал түсте адастырады.
4. Арақ алдымен күлдіреді,
Күлдіріп отырып бүлдіреді.
5. Арақ ішті дегенше
Азғын жолға түсті де.
6. Арақ - атаңнан қалған ас емес.

5. Жарнама
Оқушылар зиянды әдеттерден сақтанып, салауатты өмір салтын насихаттайтын сурет салып, жарнамалайды. Топ мүшелері түгел қатысуы тиіс.
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.
«Денсаулық» тобының тақырыбы «Темекіге қарсы»
«Болашақ» тобының тақырыбы «Есірткіге қарсы»
«Салауат» тобының тақырыбы «Ішімдікке қарсы»

6. «Жаманнан жирен» деп аталатын кезеңде «Денсаулық» тобы «Темекі» сөзіне, «Болашақ» тобы «Есірткі» сөзіне, «Салауат» тобы «Ішімдік» сөзіне ассосация құрады. Сөздердің саны мен дұрыстығы бағаланады.

7. Проблемалық сұрақ «Жасөспірімдердің зиянды әрекеттерге баруының себебі не?»
Әр топқа «Жасөспірімдердің зиянды әрекеттерге баруының себебі не?» деген проблемалық сұрақ қойылады. Әр оқушы өз ойын жеткізеді.

8. «Есіңде сақта!» (ассосация құру)
Сайыстың соңғы қорытынды кезеңінде барлық топ оқушылары енді «Салауатты өмір» сөзіне ассосация құрайды. Мұнда оқушылардың салауатты өмір сүру үшін қажетті нәрселерді қаншалықты білетіні бағаланады.
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

Қорытынды
Мұғалім:
- Балалар, бүгін «Салауатты өмір - нұрлы болашақ» тақырыбындағы болып жатқан сайыс түріндегі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер қазір 7 - сыныптың оқушысы болғандықтан, ата - ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз. Мемлекетіміз оқушының тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп тырмысып бағады. Ал, сендердің дендерің сау, дене мүшелерің бүтін. Осы денсаулықтарыңды зиянды әдеттермен улап, өз болашақтарыңа балта шаппаңдар. Осы өтілген «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» тақырыбындағы тәрбие сағаты сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
Сонда ғана сендердің болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болуларыңа мен сенемін.

Барлығы хормен:
Есірткі құрысын,
Ішімдік жойылсын.
Дені сау қазақтың,
Ұрпағы көбейсін.
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты,
Ұл - қызы көбейсін!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
50 642
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Егер мен есірткі жайлы айтар болсам...
Егер мен есірткі жайлы айтар болсам...
Өмір - адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі - оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.
Ғасыр індетінен сақтанайық!
Ғасыр індетінен сақтанайық!
Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдету
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауаттылық – менің қалауым
Салауаттылық – менің қалауым
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңаталап бастауыш мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұхаметжанов Еркін Сайлауұлы
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×