Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғасыр індетінен сақтанайық!

12 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ғасыр індетінен сақтанайық!
Мақсаты: Оқушыларға ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдету
Міндеттері: • Оқушылардың жат әдеттерден бойларын аулақ ұстап, аталған зиянды заттардың ағзаға тигізер әсерін білу және өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту
• Өз өмірі мен денсаулығын бағалай білуге, оны сақтауға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже: Оқушылар шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсініп, салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдетеді
Ресурстар: Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, қайшы, желім, А 4 қағаздары

Ұйымдастыру
Ой қозғау /5 мин/
Оқушыларға «Ақ пен қара» бейнежазбасы көрсетіледі. «Бейнежазбадан не түйдіңіздер?», «Ғасыр індетін не деп ойлайсыздар?», «Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?» сұрақтары қойылып, тақырып ашылады.

Мұғалім сөзі: Балалар, маған осы сабақты өтеді дегеннен көптеген елді мекендерден әр түрлі хаттар келіп түсті, соның бірін сендерге оқып берейін және бірге талқылайық:
«Өле алмай жүрген сырқатпын,
Шіріген картоп секілді,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.» Жұмбақ кейіпкердің хатын оқи отырып, «Жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?», «Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?» сұрақтарына жауап алып, ой бөлісу.

Топқа бөлу /2 мин/
Мұғалім сөзі: Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсеңіз, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыздар?.....
Адам денсаулығы - қоғам денсаулығы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелеріне сәйкес, денсаулық дегеніміз –«Тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен қатар ол рухани, әлеуметтік саулықтың толық мәнді теңдігі» делінген.
Түрлі - түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы «Кесел батпандап кіріп, Мысқылдап шығады», «Білімнен қымбат досың жоқ, Аурудан бетер қасың жоқ», «Тәтті - дәмді мың болар, Денсаулық деген бір болар» атты мақал - мәтелдер арқылы «спортшылар», «психологтар», «дәрігерлер» топтарына бөледі.
«Дәрігерлер» тобына шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын Венн диаграммасына салу;
«Психологтар» тобына жағдаят беріледі:
«Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да сол жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?». Берілген шешімінің бірнеше жауаптарын жазу;
«Спортшылар» тобына салауатты өмір салтына постер қорғау тапсырмалары беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
ШҚО, Семей қаласы КМҚК «КҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Талгатбекова Назгуль Калыковна
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама
Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанова Нұржауған Кәдірбекқызы
Салауатты өмір-нұрлы болашақ
Салауатты өмір-нұрлы болашақ
Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы Қызылорда қаласы № 197 мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×