Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама

15 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты
Жоспар: І. Кіріспе.
Есірткі жас өмірді улайды
ІІ. «Ажалыңмен ойнама, айналайын» (көрініс)
ІІІ. Дәрігер кеңесі
ІV. Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама
V. Қорытынды

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгінгі осы сынып оқушылары өткізгелі отырған «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Нашақорлық - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Осы шарамызға мектеп медбикелері де қатынасып отыр.

І. Есірткі – жас өмірді улайды
Аяла: Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т. б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез - келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.

Мөлдір: Есірткі түрлерінің әрқайсысының әсері әр түрлі. Ацетон және желім секілді түрлі еріткіштерді иіскеп ләззат алатындар да бар, нашақорлықтың бұл түрін «токсикомания» деп атайды. Токсикоманияға айналған баланың қимыл - қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады, орынсыз күле береді. Жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, ызақор болып кетеді. Транквилизаторларды, яғни тыныштандырғыш дәрі - дәрмектерді пайдаланса, баланың өңі қашып, сөйлеу мәнері өзгеріп, дөрекілік таныта бастайды. Атақты гашиш пен қара сора бала психикасына алғашында қоздырғыштық сипатта әсер етеді: күтпеген жерден күлкі қысады, қисынсыз нәрселерді айтып сандырақтай бастайды. Бұл жағдай біраз уақыттан соң түнеріңкі көңіл - күйге ұласады, көзінің көруі күрт нашарлайды. Апиын тектес заттарды пайдаланса бала әлсіреп, басы ауырып, құсқысы келеді. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын - буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.

Айжан: Жасөспірімдердің осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде? Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп - оңай - ақ түседі. Бала іші - бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркім - ге еліктегіш. Жұлдыздардың ішінен өзіне ұнағанын пір тұтады. Егер оның жұлдызы есірткінің дәмін тартып көргенін білсе, ол да қалыспауға тырысады. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Өнеріне табынамын деп, өмірінен үлгі алудың қажеті жоқ. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, үлгілі жанұяның мүшелері де есірткінің жетегінде кете барады. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!

ІІ. «Ажалыңмен ойнама, айналайын» көрініс
І - жүргізуші: Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
ІІ - жүргізуші: Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар - кісінің көз жасынан, қайғы - қасіретінен алтын ақша сауып отырған қаныпезерлер.
І - жүргізуші: Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көк өрім жастар.
ІІ - жүргізуші: Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осы шөптен жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Есірткі – әлем дерті
Есірткі – әлем дерті
Ш. Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Айтуар Мақсат
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
ШҚО, Семей қаласы, «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Оспанова Индира Алимханқызы
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
ШҚО, Семей қаласы КМҚК «КҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Талгатбекова Назгуль Калыковна
Нашақорлық -ғасыр дерті
Нашақорлық -ғасыр дерті
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×