Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!

12 шілде 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
“Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама”

Сабақ мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, интернет желісі түрлі түсті суреттер

Жаңа сабақты түсіндіру: Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Қазақпын мен жетті жұтты өткерген,
Аман - есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
Обасы ол ХХІ ғасырдың
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың - миллиондап жеп келеді жегіқұрт,
Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.
Солардың бірі – сол құрдымға бастаған,
Маскүнемдік, нашақорлық теңеу барма басқа оған.

Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.

Есірткінің негізгі түрлеріне:
апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды. алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді
етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім тамшысы. Нашақорлық пен темекі аздырар адам баласын. 3 желтоқсан әлемдік СПИД пен күрес күні болып жарияланған. Есірткіге көбінесе 16 - 25 жас аралығындағы боз бала мен бой жеткендер ұшырасады. Спид - тің жұғу жолдары. Ерте жыныстық қатынаста болғанда, ауыру адамнан сау адамға қан құйғанда, пайдаланған шприцті қолданғанда жұғады.

Темекінің адам ағзасына кері әсерін тигізетін 4 ережесі
1. ашуланшақ, зейіні, есте сақтау қабілеті төмендейді.
2. Никотин, шайыр, күйе миға барып жабысады да ұйқы жүйесі бұзылады.
3. жүрек, қан айналымын, асқазан, өкпе мүшелерін зақымданады.
4, қызық көрушілік пен еліктеушіліктен пайда болады. Дені сау ұрпақ болу үшін:
1 Спортпен айналысу керек
2. Салауатты өмір салтын ұстану
3. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
4. Жеке бас тазалығын сақтау
5. Өзін-өзін сыйлау таза ауада болу

Қорытынды: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді де өмір сүруі үшін
денсаулықтың әсері ұшан - теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарыңда дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап қамқор жасаңдар. Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.
Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. ХХІ ғасырдың азаматтары ғаламдық дертке жол бермейік. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда. Біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі сендерсіңдер! Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты еңбекқор адал ұлдары мен қыздары болып өсіңдер.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Сунақата ауылы, № 194 мектебінің тарих пәні мұғалімі
Бахрамова Айгуль Ташмаханқызы
51 858
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Жасөспірім және темекі
Жасөспірім және темекі
Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы, Қожакент ауылы, №184 негізгі мектебінде биология пәні мұғалімі Сарманова Лиза
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
Тіршілік көзі-салауатты болашақ
ШҚО, Семей қаласы, «№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Оспанова Индира Алимханқызы
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама
Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанова Нұржауған Кәдірбекқызы
Ажалмен ойнама, айналайын
Ажалмен ойнама, айналайын
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы. «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалім Омарова Айгүл Серікжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×