Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел байлығы - денсаулық

12 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
4 класс
(«Денсаулық күндері» атты айлықта өткізілген тәрбие сағаты)
Ел байлығы - денсаулық

Сабақтың тақырыбы: Ел байлығы - денсаулық
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулық жөнінде, өзінің денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде білімдерін кеңейту. Салауаты өмір салтын қалыптастыру. Балаларда денсаулықтың құнды және маңызды екендігі жөнінде түсініктерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың зиянды заттардан аулақ болып, өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.
3. Баланың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуға деген сезімін дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, әр топқа берілетін сұрақтар, мақал - мәтелдер, ойынға қажетті заттар (маркер, плакат)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болғалы тұр. Біз бүгін салауатты өмір салтын дәріптей отырып, «Ел байлығы - денсаулық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз және бүгінгі сабағымызға құрметті дәрігерлер де қатысып отыр. Яғни бүгінгі сабағымыз дәрігерлермен кездесіп, оларға зиянды заттар туралы, адам ағзасының достары мен қастары туралы айта отырып, қонақтарымыздың ақыл - кеңесіне құлақ түреміз. Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға береміз.
1 - оқушы: Әнуар:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.

2 - оқушы: Диас:
Адам болу, ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,
Бақыт құсын қондыру да қолыңда.
Сондықтан да салауаттылық сабағын
Шығарма естен басқан сайын әр адым.
Жаман әдет жуымасын жаныңа,
Табиғаттай таза ұлы бол даланың.
Ниетің де, тілегің де, ойың да,
Сұлу болсын, таза болсын бойың да.
Адал еңбек сені алға бастасын,
Жеңіл пайда, жеңіл жолға бой ұрма.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Жаман әдеттен аулақ болып, салауаттылық сабағын әркез естен шығармауымыз керек. Балалар мен қазір сендердің білімдеріңді тексеруді жөн көріп отырмын. Қазір біз «Шығармашылығыңды шыңдай біл» деген ойын ойнап жіберейік.
«Шығармашылығыңды шыңдай біл!» ойыны
Ойынның шарты: Класс 3 топқа бөлінеді. Әр топқа плакат, маркер беріледі. Әр топқа мақал - мәтел дайындалған. Сол бойынша мақалды ашатын сурет салып, салған суреттерін қорғаулары керек.
І топ: «Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде»
ІІ топ: «Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі»
ІІІ топ: «Досың көп болса, жалғызбын деме,
Денің сау болса, жарлымын деме»
(Әр топ салған суреттерін қорғайды, мақалдың мағынасын ашады)

Мұғалім: Ал бұдан басқа қандай денсаулық жайлы мақал - мәтел білеміз? Оны тексеру үшін балалар экранға назар аударайық. Бізге мақалдың бірінші жолы беріледі, біз оның жалғасын табуымыз керек. Яғни бұл ойынымыз «Жалғасын тап» деп аталады.
«Жалғасын тап» ойыны
Ойынның шарты: Денсаулық жайлы мақалдың бірінші бөлігі экранда жазулы шығады, оқушылар жалғасын тауып, мақалдың мағынасын ашулары керек.

Мақал - мәтелдер:
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Денсаулық туралы мақал - мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер. Жалпы бұл мақалдар бізді жаман, зиянды әдеттерден аулақ болып, жақсымен дос болуға тәрбиелейді. Ең жаман қасиет - ол темекі шегу, арақ ішу және наша қолдану. Бұларды пайдаланған адамның денсаулығы еш уақытта жақсы болмайды, олар сырқатқа шалдығып, аяғы өлімге апарады. Қазір балалар сырқат пен саулыққа байланысты сыныптастарыңның дайындаған көрінісі бар екен, соны тамашалайық.
Көрініс: «Сырқат ханның қаһары мен Саулық ханның ақылы»
Қатысатындар:
Автор: Алида
Сырқат хан: Нұрғасыр
Жігіт:
Темекі:
Арақ:
Наша:
Енжарлық:
Саулық хан:

Автор: Алида Сонау ерте заманда
«Дерт» деген үлкен қамалға
Сырқат атты азулы хан басшы болыпты.
Қатерлі жау адамға
Кәрілік те, енжарлық та,
Темекі мен арақ та.
Қатерлі де, қатыгез хан Сырқаттың
Айбарынан сескеніпті бірақ та.
Дүниені жаулап алу арманы -
Хан Сырқаттың қолы жетпей қалғаны.
Армандау да айып па екен?
Бір күні халқын жинады,
Сөз бастады байыппен.
(Сахнаға жүзі суық, қаһарлы Сырқат хан шығады)

Сырқат хан: Нұрғасыр
- Уа, халайық!
Өз елімнің абыройын,
Қорғанысын, ақыл - ойын
Қайтсем «биік көтерем» деп ойладым.
Бір болса да бірегейлі,
Хандығыма түбегейлі
Жаңа өзгеріс кіргізуге белді мықтап байладым.
Көп толғанып, ойға келдім мынандай:
Хандығымның төрт тағандап
Тұруы үшін құламай,
Бар әлемді жаулау керек.
Кенде емеспіз күштен де,
Тағдыр біздің даңқымызды
Әлде келте пішкен бе?

Енжарлық: Данияр (әрең сөйлеп)
- Алдияр хан!
Қоя тұрғын әлем жаулап алуды,
Саулық ханның әскері бар қарулы.
Адамдар да аяусыз күреспенен
Жойып салар жаныңды.
(Секіріп күліп Арақ шығады)

Арақ: Самат
- Тоқта! Тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ – даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.
Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де жаулаймын.
(Әдемі киінген Темекі жан - жағына жымия қарап, күліп кіріп келеді)

Темекі: Әлім
- Уа, тақсырым,
Мен барлық адам өмірін
Көк түтінге улатып,
Тәнін жаулап аламын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукантаева Нургуль Кайратовна
Денсаулық
Денсаулық
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, «Бауман орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хаджиева Ж. Қ.
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ» Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×