Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош, балауса бастауыш

18 қыркүйек 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушыларым! Сіздер «Қош, балауса бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын 2007 жылы мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. А әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатар бастауыш мектептің білім мен тәрбие беруде орны ерекше. Олай болса, құрметті ұстаздар, ата - аналар, ақ жаулықты әжелер! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай шәкірттерім бүгін міне, төрт жыл бойы алған білімдерінің арқасында, еліміздің білімді бір азаматтары болып отыр.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! «Талаптарыңызға нұр жаусын!» деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1 бастаушы - Шаймерденов Нұржан: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2 бастаушы - Макуова Айдана: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз. Вальс биінің әуеніне ұл баланы екі қыздан ұстап, сыныпқа кіруі.
1 бастаушы: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл жайдың
Бастаңғысын жасайық!- Әжелердің шашу шашуы.
1 бастаушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
Ән -«Ұстазым»
2 бастаушы: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
Кеше ғана біздер үшін есігін айқара ашқан мектебімізде біздерге талай қиындықтарды жеңуге көмектескен мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпақтарға берген мол білімі мен тәлім тәрбиесі, үлкен жүректілігі үшін мектебімізге, ұстаздарға мың алғыс айтып, бас иеміз.

1 оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке
Жанымның отын жандырдың.
2 оқушы: Өнеге ошақ тәрбиең
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием
Таудай ғой менің талабым.
Мектебім - мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз әлі талай біз.
Ән «Мектебім»
1 бастаушы:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріптерді үйреткен, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан екінші ата - анамыз - ұстаз екені баршамызға - мәлім. Әлгінде біздің оқушылар ұстазға деген сезімдерін, жүректерінен шыққан алғыстарын айтып жатыр. Ал енді ұстаз туралы өзің не айтар едің?
2 бастаушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су беретін адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол тәлім - тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шәрбәті - тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адал - мұғалім, ұстаз» деп бекер айтпаған.
3 оқушы: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа кіргеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта,
Өзіңіз болдыңыз, Зәмзәгүл апай, сенгеніміз.
4 оқушы: Ұқсаттың да сіз бізді ініңізге,
Ұқсатып ек біз сізді әпкемізге.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңізді ұнатып арамызда.
5 оқушы: Дәл - кешегі тосырқау қайда қалған?
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мерейің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан - дүниесін баланың жайлап алған.
6 оқушы: Біздің сынып ерекше,
Тату - тәтті зерек те.
Нұржан - біздің балуан,
Бастығымыз - Әсемжан,
Асалой, Лаура - күйшіміз,
Барлық қыздар - бишіміз,
Ұлдарымыз - спортшымыз.
Лаура, Әсем, Жасмина,
Тамерлан, Әйгерім, Нұржан да -
Озат біздің сыныпта
Көп іскер де, шебер де,
Оқу еңбек өнерде.
Болып мектеп озаты
Біздің сынып озады.
7 оқушы: Мектептің келген бағына
Қаламын алып қолына.
Күн сайын болған тапсырыс
Жетпейді жұмыс санына.
Асықпай жүріп бәрін де
Келтірер орын орнына
Мектепті басқарған Болат ағайға
Тілейміз қажымас күш - қайрат
Кетпесін бастан бақ дәулет.
Барлығы: Еңбегіңізге мың рахмет!
8 оқушы: Еңбек жолын бастауыштан бастаған
Бізге сурет салуды да үйреткен
Дәмежан апай оқу ісін басқарған.
Оңай емес бұл шаруа
Жауапты да күрделі
Ісіңіз жүрсін ілгері.
9 оқушы: Тәрбие мен оқу егіз деген
Тентектерді тәртіппенен баптаған.
Қатал болып көрінгеннен кей кезде
Өз ісіне берік болған
Тәрбие ісін басқарған
Түлектерге тәрбие мен сана берген
Жұлдызыңыз, Гүлсім апай, жана берсін биіктен.
Барлығы: ән «Желсіз түнде жарық ай» Абай.
10 оқушы: Музыка әлеміне есік ашқан
Музыканы меңгертіп мейірі асқан
Бибігүл, Алмагүл апайларым бөленіп әр күн нұрға
Шарықтай беріңіз ән - күй аспанында.
Көрініс «Ағылшынша»
11 оқушы: Тілді білсең ағылшын
Мол болады табысың.
Компьютер де қолында
Нарық деген жолында.
Жақындайды алысың
Сіздей жақсы жан үшін
Беруге лайық қол ұшын,
Ағылшынша үйреткен
Раушан апайға мың алғыс
12 оқушы: Ашық жарқын шырайы
Компьютердің құдайы
Сыныптарды аралап
Жүгіріп жүрер ұдайы
Саида апай, біз сізге
Рахмет дейміз бәріміз.
13 оқушы: Балақай! Болсаң да әлі қаршадай: Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте, Ашу үшін тәбет те, Құру үшін сен сауық
Керек жақсы денсаулық Денсаулық ол шыныққан Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан Жүйке - тамыр жүйесі. Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай. Денсаулық - ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
«Басты байлық - денсаулық»- Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық. Болар барлық мүшең сау, Жүрсе жылдар бойында,
Баяндалған осынау Ережелер ойыңда - деп бізге сабақ беретін
Тоқтар ағайға мың алғыс.
Ұлдар биі «Жаңа би»- Калтаев Дидар, Адильбеков Тамирлан.
14 оқушы: Жақсылығымызды асырған,
Жамандығымызды жасырған
Үзілісте шуласақ,
Бізді тәртіпке келтірген
Бастауыш сынып ұстаздарына
Алғысымыз көп біздің.
Мұғалім: Жуырда «Адам болам десеңіз» атты облыстың бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобына берген ашық сабағымыздан үзінді
Көрініс «Абайдың оқуға құштарлығы»- Нұржан, Асалой, Айдана
Барлығы: Оқу, білім үйреткен
Алғашқы ұстазымызға мың алғыс!
1 бастаушы: Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер, білім бәрі де
Оқуменен табылған - деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па? Қалай ойлайсың?
2 бастаушы: Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та артықтық етпес деген ой жетелейді. Олай болса балалардың пікірін тыңдап көрейік.
15 оқушы: Білім артық, өйткені ол Пайғамбардан қалған мирас. Байлық бақылдардан қалған мұра.
16 оқушы: Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
17 оқушы: Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанымен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды.
18 оқушы: Білім артық, өйткені оны суық қолдан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек.
19 оқушы: Білім артық, өйткені ол жан дүниеңді байытады, байлық жан дүниені шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
20 оқушы: Иә, дұрыс айтасыңдар, білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы көп адам мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан да әрқашан да білім артық.
21 оқушы: Бүгінгі жастарға оқу міндет
Тек қана оқу менен өнер білмек.
1 бастаушы: Қыздар биі «Қара жорға»- 10 қыз, төрт ұл бала
2 бастаушы: Қайсы күйші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім тақыл
Таланттарын табайық
1 бастаушы. Баулыған әр өнерді
Барлық оқушы өнерлі
әрбір күйі мәнерлі
әсем күйдің шебері
Біздің Асалой
Бір күй шертіп береді.
2 бастаушы: Ендігі кезекті мектеп өмірінен алынған қысқа қойылым.
Күдік. Автор - Гүлсана: Мына бастар түйіскен Болып отыр бір іспен.
-------------- басы қауғадай, -------------- басы алмадай.
Келте ғана кекілді, Темір қаңқа секілді, Тоқаш дерсің кәдімгі.
Қыз - Айгерім: - Тартқансың ба текеге, Сүзгілейсің шекеме.
Ұл - Насыр:- Басың теліп кетті деп Жыларсың жер тепкілеп
Қыз:- Білеміз ғой ұлдарды Бір жылатпай тынбайды.
Ұл:- Ал, қыздармен ойнасаң Дау шығады әрқашан
Қыз: - Ендеше сен ойнама Жалынбаспын сонда да
Ұл.- сен домалақ шардайсың Жөндеп ойнай алмайсың!
Қыз.- Кішкентаймын мен әлі Арықтауға болмайды.
Ұл:- Шыға келем бұралып деп ойлама қуанып
Қыз:- Ендеше сен шидейсің Қамыр илей білмейсің!
Ұл:- Таксист болған кезімде Жалынарсың өзің де.
Қыз:- Бойжеткенде кейін мен Билемеймін сенімен.
Автор: Өстіп,------------ салды айғай Жақтан тартып қалғандай
Аузы қатты бұртиып, Қалды дереу ұл тынып.
Шырмап алған дәу басты Күдік еді алғашқы
Тұрса ------------ шын айтып, Жалғыз билер бұл қайтіп?
Ал біздің сыныптың қыздары барлығы да билейді.
Қыздар биі «Шығыс жұлдыздары»- Жасмина, Сания, Адия, Асем, Айсұлу, Сауле, Лаура.
1 бастаушы: Бастауышпен қоштасып
Төрт белестен асамыз
Орта буынға барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бастауышқа келіп тұрамыз
2 бастаушы: Оқыңдар ұл, қыздар деп
Күлімдеген ұстаздар
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете ұстазға.
Ән «Қоштасу вальсі»
Білім ап сайраңдап,
Өткердік 4 жылды,
Өткердік 4 жылды
Қызықтап ән - жырды
Қалайша қиямыз
Ұшырса ұямыз
Біздерді тосады
Ұстаздар құшағы.
Ән «Чему учат в школе»- үш тілде барлығы айтады.
Келген қонақтарға құттықтау сөзі беріледі.
Бастаушылар: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
3 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппе - білім бастауы
Әліппе - білім бастауы
Мен Жалқаугулмін. Елдердің айтуынша мен сендерден бұрын дүниеге келген екенмін. Мені сендер секілді балалар жақсы көреді екен. Сендер сондай сүйкімдісіңдер, әдемісіңдер. Сендер менімен бірге қалыңдаршы. Менімен біраз өмір сүрсеңдер, менің
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×