Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппе - білім бастауы

03 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Талдықорған қаласы, Мойнақ ауылы.
Ахмедиярова Қайния Қасымбекқызы
Әліппемен қоштасу кешіне арналған ертеңгілік

«Әліппе – білім бастауы» ертеңгілігі.

Мақсаты: Сауат ашу пәнін оқу барысында оқушылардың алған білімдерін көрсету.
Көрнекілігі: оқулықтардың макеттері, ұлы ағартушылардың портреттері, еңбекке баулу сабағында жасалған қолөнер, оқушылардың ұқыпты жазылған үлгі дәптерлері т. б.
Өту барысы:
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі:
Бүгін егеменді ел болған еліміз ескеріліп, етек - жеңіміз кеңейіп, тәуелсіз тұлпардай атақ - даңқымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгінгі күнде біздер, сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсаукесер тойы іспеттес, кеше ғана алаңсыз, ағаш атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгін бойларына жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуынан аман - есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Видео
1. Вальс

Нұрмұхамет
Армысыздар, ұстаздар!
Білім берген әз жандар.
Бас иеміз сіздерге,
Күн шыққан мынау ақ таңда!

Нурали
Ал, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.

Заңғар
Кім зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.
Оқушыларды қарсы алып
Бәріміз қол соғайық!

Нуриман
Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Армысыздар, аналар, ұстаздар!
«Әліппе – білім бастауы» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Болашақ ғалым, даналардың өнерлерін тамашалайық.

Маржан
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән: Әліппе /Қарақат, Айжан, Дана/
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Жалқаугүл:
- Бұл не айқай, не шу. Ән айтып, би билеп жүрсіңдер. Менің ұйқымды қашырдыңдар. Мазамды алдыңдар ғой.
- Сіз кімсіз?
- Мен Жалқаугулмін. Елдердің айтуынша мен сендерден бұрын дүниеге келген екенмін. Мені сендер секілді балалар жақсы көреді екен. Сендер сондай сүйкімдісіңдер, әдемісіңдер. Сендер менімен бірге қалыңдаршы. Менімен біраз өмір сүрсеңдер, менің патшалығымнан мүлдем шықпай қаласыңдар. Сендерге Жалқаугүлдің патшалығы ұнайды. Менде тәттілер өте көп.
Келіңде, ыңғайланып отырыңдар. Біраз ұйықтап алыңдар. Сабақ оқып, әбден шаршаған боларсыңдар./Спят усталые игрушки
- Жалқаугүл сиқырлы таяғымен билейді, оқушылар ұйықтап қалады.
- Кукла биі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 760
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Өтті оқу сан сабақ Бүгін үлкен салтанат, Оқулықпен достаспақ Әліппемен қоштаспақ Өсті - білім ойымыз Құтты болсын тойымыз!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Барлық білім беташары Әліппені бітірулеріне байланысты оқушылардың өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің оқығандарын, үйренгендерін білгендерін көрсету. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімін тиянақтау. Қандай білім игергенін іс жүзінде
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Әліппеге мың алғыс!
Әліппеге мың алғыс!
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагул Айтнұрқызы Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!» Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×