Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

07 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде...» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру.
Мұғалім: «Бірінші байлық - денсаулық» - дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.

Балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі, құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек.

Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір – екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 – 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.

Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.

“Денсаулықтың он құпиясы”:
1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
2. Біздің тыныс алуымызда.
3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
4. Дұрыс тамақтану.
5. Күлкі.
6. Дем алу.
7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
8. Сенім күші.
9. Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.

І. Үй тапсырмасы:

ІІ. Кім көп біледі?
1. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.
2. Елемеген ауру жаман, Ескірмеген дау жаман
3. Іздеп алған аурудың, емі табылмас.
4. Дәмі бардың, емі бар.
5. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
6. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті.
7. Ауырып, жазылған жан олжа, Жоғалып, табылған мал олжа.

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу:
1. Денені шынықтыратын денсаулыққа мол сабақ.
2. Жалқаудың досы
3. Қандай адамдардың көңіл күйі болмайды?
4. Жуынбай жүрген бала қандай бала?
5. Салақ бала неге ұшырайды?
6. Тұмау кезінде ішетін ұнтақ дәрі не?
7. Қоршаған ортаны неден қорғау керек?
8. Не болса бәрін істейсің?
9. Дәрілік шөп.

ІҮ. Ойнайық та, ойлайық!
Денсаулық достары: таза ауа, көңілді жүру, дұрыс ұйқы, тазалық, шынығу, демалу, дұрыс тамақтану, спорт.
Денсаулық қастары: күн тәртібін сақтамау, салақтық, дұрыс тамақтанбау, жалқаулық, зиянды әрекеттер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
46 049
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Сұлулықпен денсаулық
Сұлулықпен денсаулық
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа,
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Оқушылардың өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты. Ауырып ем іздегенше, Ауырмаудың жолын ізде. Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.
Денсаулығым - байлығым
Денсаулығым - байлығым
«Денсаулық - зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Бокей ордасы ауданы, Борли ауылы. М. Бегалиева атындағы жалпы орта мектебі Бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалім Сагадат Байболова Саржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×