Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулығым - байлығым

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Денсаулығым - байлығым
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтына қалыптастыру.
Көрнекілігі: Денсаулық жөніндегі даналық сөздер жазылған плакаттар, жағдаяттық сұрақтар, мақал - мәтелдер, слайдтар.
Кіріспе:
Мұғалім: «Денсаулық - зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Еліміздің қай азаматын болса да өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы - бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды.
Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар, Олар бар күш - жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күн - түні аянбай еңбек етуде.
Мінеки, осы мектебіміздің дәрігері Шолпан Мұсақызы апайымыз келіп отыр.
Ой қозғау: Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
Жауабы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу (маскүнемдік, шылым шегуден, нашақорлықтан). Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Оқу ісінің меңгерушісі:
2. Мектебіміздің дәрігері:
3. Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі:

Жоспары:
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу
І топ. Шымыр тобы
ІІ топ. Денсаулық тобы
ІІІ топ. Сымбат тобы

І бөлім: Сәлем берем халқыма
Шарты: Таныстыру, ұраны
ІІ бөлім Денсаулығыңды ойласаң
Шарты: Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білісіңдер.

ІІІ бөлім Денсаулық - зор байлық
Шарты: денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдің жалғасын табу.

ІҮ бөлім Салауаттылық, денсаулыққа викториналық сұрақтар.
Ү бөлім Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Шарты: Зиянды әрекеттер тақырыбында пікірталас.

І бөлім: Сәлем берем халқыма
І топ. Шымыр тобының ұраны
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауғып айдай толасың.
Спортты серік ете біл
Салауатты сен боласың.

ІІ топ. Денсаулық тобының ұраны
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл - күйің жадырай
Денсаулық ол - жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

ІІІ топ. Сымбат тобының ұраны
Спорт - біздің досымыз
Күш, қайраты сыналған
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған.

ІІ бөлім Денсаулығыңды ойласаң
І топ. Шымыр тобы
1 - оқушы Темекінің шығу тарихы. Темекі Европа мен Азия ХҮ ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген.
2 - оқушы. Темекі шегуші адамдар тек өзінің ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да уланатыны белгілі.
3 - оқушы. Темекінің басты зияндылықтарын айтар болсақ, олар төмендегідей болады.
1. Ерін, тіл және өңеш қатерлі ісігіне душар болады.
2. Асқазанда жара пайда болады.
3. Жүрек ауруларына шалдығады.
4. Тез қартаяды теріде әжім пайда бола бастайды.
5. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшырайды.
4 - оқушы. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады екен. Өлімге алып баратынын бірден - бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартқанын анықтаған.
5 - оқушы. Темекі тарту адам денсаулығына көп зиян келтіреді. Адамның дене мүшесіне ең ауыр әсер беретіні – никотин. Ол темекі жапырағының алкалоидты майлы түссіз немесе жағымсыз иісі және күйдіргі дәмі бар ақшыл сары сұйықтық. Никотинге адам денесінің тез үйреніп кететіндігінен оған уланып жатқанын сезбейді.
3 677
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлулықпен денсаулық
Сұлулықпен денсаулық
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа,
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Нашақорлық – шын қорлық
Нашақорлық – шын қорлық
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Денсаулығым - байлығым
Денсаулығым - байлығым
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, “Бейнеу лицейі” мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру мұғалімі Ажибаева Гүлназ
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×