Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің (интеллектуалды - думанды ойыны)

14 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы,
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тарих пәні мұғалімі Нысанбаева Гаухар Канатовна

«Елім менің» (интеллектуалды - думанды ойыны)

Мақсаттары:
1. Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді зерделеу. Қазақ халқының ғасырлар бойғы салт - дәстүрлері мен көнерген сөздерінің мәнін ашу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімдерінің сапасын арттыру.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ой - өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, бәсекеге қабілеттерін арттыру. Оқушылардың ойлау, танымдылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, жауапкершілікке, ата - баба рухын қастерлеуге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Интеллектуалды - думанды кеш

Барысы:
Бастаушы:
Ән. Елім менің, кең көсілген даламдай,
Елім менің, шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің, Алатаудай еңселі,
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені.
Ар ма, құрметті қауым, қонақтар, сайысқа қатысушылар! Ұлы даламның өткені мен бүгінгісін жырлайтын «Елім менің» интеллектуалды думанды кешіне хош келдіңіздер!
Сайысқа 2 топ қатысады. Әр топтың аты, ұраны болуы керек. Не себепті осылай атадыңыздар? Қысқаша жауап беру.
Сайыс 5 айналымнан тұрады, әр айналымның соңында ән жасырылады, дұрыс жауабын тапқан топқа қосымша 2 ұпай беріледі.

І. Алдымен топтармен таныс болайық:
Топтарыңыздың аты, ұраны. Топтарыңызда кім бар? Не себепті олай атадыңыздар? Қысқаша жауап беру.

ІІ. Сайыс әділ өту үшін 2 топтың жинаған ұпай сандарын есептеп отыру үшін көрермендердің арасынан тәуелсіз сарапшыларды таңдап алайық. Сіздер сайыс барысында топтардың жинаған ұпайларын әр айналым соңында жариялап отырасыздар.
І. айналым. «Жекпе - жек»
Бұл айналымда әр топ мүшелеріне жеке - жеке сұрақтар қойылады. Топ басшысы жауап бере алмайды, бірақ топ мүшелеріне көмектесе алады.
Сұрақтар тарихта болған оқиғалар, фильмдер, тұлғаларға қатысты.
Сұрақ 1 топ қатысушыларына арналады. Бейне - сауал
1 - сұрақ. Төл валютамыз 1993 жылы 15 қарашада қабылданғанын бәріміз де білеміз. Сұрақ мынадай - төл валютамызға « теңге» деп атауды ұсынған кім?
(Жауап: инженер - ғалым, техника ғылымдарының докторы Сауық Тәкежанов)
2 - сұрақ. Мейрамбек Бесбаев әні интерактивті тақтадан орындалады.
Сұрақ - Қазақстанның мемлекеттік қайраткері «Музарт»тобының әншісі М. Бесбаевтың үлкен сахнада ең алғаш орындаған әні?
(Жауап: А. Қоразбаевтың әніне, Ж. Сәттібековтың сөзіне жазылған «Сағындым Кенен атамды»
3 - сұрақ. Олимпиада Лондондағы жеңімпаздарын ата?

Сіздерде қосымша 2 ұпай алуға мүмкіндік бар. Ол үшін жасырған әнін тыңдайық. Ән: Е. Хасанғалиев «Атамекен»

ІІ айналым. Бабаларымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Көне сөз тіркестеріне арналады. Айналым 3 белестен тұрады. 1 - ші белесте сынақ үшін ойыншылардың сауаттылығын тексеріп аламыз.
2 - ші белесте көне сөз тіркестерінің мағынасы мен баламасын табу керек.
3 - ші белесте екі топ бір - біріне көнерген сөздерді жасырады. Көнерген сөздің 3 жауап нұсқасы болуы керек.
1 - ші белесте ойыншылардың сауаттылығы тексеріледі.
1 - ші сөз «Атамекен» тобына арналады: ШАҺАР, ҚАРАҚҰРЫМ, ҚҰЛПЫТАС
2 - ші сөз «Достық»тобына арналған: ҮСТІРТІН, ШҮРІППЕ, КІНӘРАТСЫЗ
2 - ші белес тұрақты сөз тіркестеріне арналған:
«Атамекен» тобының сұрақтары:
1. Саңылауы бар - ойы, түйсігі бар
2. Іші ит жыртқандай - қызғаншақ, іші удай ашып тұр
3. Жарғақ құлағы жерге тимеді - тыным таппау, жүгіріп жүру.
«Достық» тобының сұрақтары:
1. Ішіне ел қонды - тамаққа тойды
2. Түкірігі жерге түспеген - билік басында жүрген адам
3. Сөзді жүндей сабады - көп сөйлеу, көпіріп сөйлеу.
3 - ші белесте 2 топ бір - біріне көне сөз жасырады. Оның 3 жауап нұсқасы болу керек.
«Атамекен» тобының жасырған сөздері: 1. Алқынды
А) ет бұзатын пышақ
В) боялған жебе
С) сабынның қалдығы+
2. Көбеген
А) ат әбзелі
В) жараланған жауынгер
С) ерте туған қозы+
«Достық» тобының жасырған сөздері: 1. Алғадай
А) ең жүйрік жылқы
В) батыр+
С) бәйгеден озған ат.
2. Көрпеш
А) түйе жүннен тігілген киім
В) киіз басатын адам
С) есейген қозы+

ӘН. АСТАНА туралы.

ІІІ айналым. Тарихта болған адамдар мен әдебиет өкілдеріне арналады. Топ басшысы жасырады, топ мүшелері табады. Уақыт шектеулі 2 минут.
1 - ші топтың жасыратын тұлғалары:
1. Бауыржан Момышұлы, Дулат Бабатайұлы, Роза Рымбаева, Әйтеке би, Кенесары Қасымұлы, Сәбит Мұқанов, Кенен Әзірбаев, Тоқтар Серіков, Қайрат Рысқұлбеков, Тәуке хан, Мәншүк Маметова, Серік Сапиев, Қабанбай батыр, Абай Құнанбаев, Тоқтар Әубәкіров
2 - топтың жасыратын тұлғалары:
1. Алпамыс батыр, Махамбет Өтемісұлы, Күләш Байсейітова, Гүлназ Әлімгерей, Төле би, Сәкен Сейфуллин, Мақпал Жүнісова, Бекзат Саттарханов, Қасым хан, Ақтамберді жырау, Мая Манеза, Ринат Зайытов, Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Нұртай Сабильянов

Ән «Туған ел»

ІV айналым
2 шағын белестен тұрады. 1 - ші белесте көзбен көріп, қолмен ұстап, дәмін де татуға болады.
1 - ші топқа сұрақ: 1. Шаңырақтың күлдіреуіш деген бөлігін табыңыз?
2. Алдарыңыздағы шаңырақтың тоғын деген бөлігін табыңыз?
Тоғын - шеңбері
2 - ші топқа сұрақтар: 1. Алдарыңыздағы қамшының тұтам деген бөлігін тауып беріңдер?
Тұтам - өлшем бірлігі, қамшының сабындағы ұстайтын бөлшегі. Тұтам 14 - 15 см тең.
2. Алдарыңызда таяқ, су, бидай. Осы заттардың қайсысы уыспен өлшенеді?
Уыс дегеніміз не - уысты алақанмен өлшейміз.
2 - ші белесте тапсырмалар салт - дәстүр, тыйым сөздерге қатысты.
1 - ші топтың сұрақтары: 1. Ұйқыашар -
2. Аққа қатысты тыйым сөздер:
2 - ші топтың сұрақтары: 1. Сүндетке отырғызу - мұсылман халықтарында ұл баланы сүндетке отырғызу.
2. Тыйым сөздерді айту

Ән. «Көк тудың желбірегені»

V айналым. Қазақстанның сан - қилы саласын қамтиды. Сұрақ жеке - жеке топ мүшелеріне арналады. Топ басшысы жауап бере алмайды, топ мүшелеріне көмектесе алады.

І белес тарихтан сыр шертеді:
1 - ші топтың сұрақтары: 1. Қазақта өлең атасы - Абай, Күй атасы - Құрманғазы десе, ән атасы деп кімді айтамыз? Әміре Қашаубаев
2. Әлемнің 116 тіліне аударылған қазақ романы? «Абай» М. Әуезов
3. Қорғасын қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында нешінші орында? 1 орында.
2 - ші топтың сұрақтары: 1. Қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту мақсатында Қ. Болмановтың бастамасымен құрылған бұл топ 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. Сұрақ: Бұл қай топ? «Ұлытау»тобы.
2. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған бірінші мемлекет? Түркия
3. Мыс қоры бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында? 3 орында.

ІІ белесте сіздердің әдебиет саласындағы білімдеріңіз сыналады. Қазақ жауһарларының қанатты сөздерінен үзінді беріледі, сіздер оның авторын табуларыңыз керек.
1 - топтың сұрақтары:
1. А. Құнанбаев
2. Қыз Жібек жырынан
3. Көркем шығармадан үзінді
2 - топтың сұрақтары:
1. Төле би
2. Алпамыс батыр жырынан
3. Көркем шығармадан үзінді

ІІІ белес жағрафиядан сұрақтар:
1. Қазақстан картасында белгіленген қай облыс - ШҚО
2. Қазақстан картасында белгіленген қай көл - Алакөл
1. Қазақстан картасында белгіленген қай облыс - Маңғыстау.
2. Қазақстан картасында белгіленген қай қала - Астана.

Ән «Жаса Қазақстан»
Сайыстың соңында ұпай сандары саналып, ұпай сандары көп топ жеңімпаз атанып, «Мадақтама грамотасымен» марапатталады. Жеңімпаз топқа бағалы сыйлықтар тапсырылады.
7 372
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Біз Қазақстанның болашағымыз!
Біз Қазақстанның болашағымыз!
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№25 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Бота» тобының тәрбиешісі Олжабаева Айгуль Айткалиевна
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Бастауыш класс мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×