Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есім хан (1598 - 1628)

12 мам 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Есім хан (1598 - 1628)
Конспект
Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған. 17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығын екі хан билеп, елде саяси бытыраңқылық орын алды. Тәуекелдің інісі Есім хандық билікті алған тұста, Тұрсын Мұхаммед сұлтан 1613 - 1614 жылдар шамасында өзін хан етіп жариялады. Есім ханның астанасы – Түркістан болды, ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан деп жариялады. Есім хан Бұхар ханымен бітім жасасып, Орта Азия қалаларымен экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Алайда Бұхар ханы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып, бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастырды. Алғашқы қазақ - бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңындағы Айғыржар жерінде болды. Бұхар әскері жеңіледі. 1611 жылы Ташкент түбіндегі ұрыста Имамқұли хан басқарған бұхар әскерін Есім хан жеңеді. Бұхар ханы келісімге келуге мәжбүр болды. Алайда Есім мен Тұрсын арасында қайшылықтар шиеленісе түсті.
17 ғасырдың алғашқы кезінде Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қарым - қатынастар орнады. Бұл қатынастар екі хандықтың қарама - қарсы топтары арасында құрылды. Бұл жағдай қазақ хандары арасындағы қайшылықтарды тереңдете түсті. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған Тұрсын хан Түркістанды шауып кетеді. Есім хан бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руы мен Тұрсын ханды жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта “Қатаған қырғыны” атанды.
“Есім ханның ескі жолы” деген сөз Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
Конспект сұрақтар
1. 17 ғасырда Қазақ хандығымен одақтық қарым - қатынас орнатқан ел:
2. Тарихтағы Тұрсын ханның бүлігі:
3. “…кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін…” деп жырлаған әйгілі жырау:
4. Есім хан жеңіске жеткен Ташкент түбіндегі шайқастың болған мерзімі:
5. Алғашқы қазақ - бұхар шайқасы өткен жер:
6. Қазақ хандығын екі хан билеп, саяси бытыраңқылық орнаған кез:
Тақырыптың тесті

Есім хан (1598 - 1628). жүктеу
8 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Тәуекел хан (1582 - 1598)
Тәуекел хан (1582 - 1598) Конспект 1580 - 1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Есім ханның ел басқару ісін, Қазақ хандығының Жәңгір хан, Тәуке хан заманындағы халықтың тұрмыс тіршілігін оқыта отырып, Қазақ хандарының көрші елдермен қарым – қатынасы туралы білімдерін толықтыру.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты
Хақназар хан билігі, Тәуекел сұлтан билігі, Есім хан билігін оқыта отырып, ойлау, сөйлеу, оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Шара
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу.
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Жоспары Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: Білімдік: Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×