Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғаілімі Таупихова Клара

Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақ тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Мақсаты
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу. Тәукенің “Жеті жарғы” заңдар жинағымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихын білуге, Қазақстан тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
(Сыныпты топқа бөлу, сабаққа дайындау)
1. Төле би тобы
2. Қазыбек би тобы
3. Әйтеке би тобы

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Мұғалім мен оқушының диалогы

I топтың тапсырмасы.
1. Тәуекел ханнан кейін ел билеген кім? (Есім хан)
2. Есім хан қай жылдары ел биледі? (1598 - 1628 жж).
3. Есім хан тұсында өзін тәуелсіз хан жариялап,
Ташкент қаласын астана еткен билеуші? (Тұрсын хан)
4. Бірінші қазақ бұхар шайқасы қай жылы, қай жерде болды? (1603 жылы Айғыржарда).

II топтың тапсырмасы
1. Есім хан қазақ тарихында қалай аталған? (Еңсегей бойлы ер Есім)
2. Есім хан тұсында астана болған қала? (Түркістан)
3. Есім хан 1613 жылы қай қалаға басып кірді? (Самарханд)
4. Тұрсын сұлтан өзін қай жылы хан деп жариялады? (1613 жылы)

III топтың тапсырмалары
1. 1627 жылы қазақ - қалмақ соғысында қазақ қолын кім басқарды? (Есім хан)
2. Тұрсын ханның тірегі болған ру. (Қатаған)
3. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қандай атпен қалды? (“Қатаған қырғыны”)
4. Есім хан тұсындағы әдет - ғұрып заңы қалай аталады? (Есім ханның ескі жолы)

2. Танымдық жұмыстар. Топтастыру
I топтың тапсырмасы
Есім ханға мінездеме

Топтастыру.
II топтың тапсырмасы
Қатаған қырғыны деп нені атадық?

III топтың тапсырмасы.
“Есім ханның ескі жолы” заңына сипаттама

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.
Ой - түйіндеме.
Есім хан — 1598 - 1628 билік құрған. Есім хан — Шығай ханның баласы. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген.
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім - шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды.

IV. Жаңа сабақ
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Жоспары:
1. Тәукенің хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының жағдайы.
2. Тәукенің хан тағына отыруы.
Тәуке ханға сипаттама.
3. Тәуке ханның ішкі - сыртқы саясаты.
4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
5. Ұлы билер.

Тәуке хан
Өмір сүрген жылдары: 1626 - 1718 жж.
Билік құрған жылдары: 1680 - 1718 жж.
Қолбасшы, саяси дипломат, ірі тарихи тұлға, құдіреті күшті хан, «Қазақ ордасының Ликургі», «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 513
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның тұлғасын, оның ел басқару жүйесін жетілдіруі, “Жеті жарғы” заңын таныстыру, білгірлікпен жүргізген сыртқы саясатының нәтижесін көрсету.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Алмута вилайити. Уйғур наһийәси, Ават йезиси, И. Искәндәров намидики оттура мәктәп коммуналлиқ мәмликәтлик мәһкимиси тарих пәни муәллими Музапаров Ерлан Семятович
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ключев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Сандуғаш Сайлаубайқызы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашбаева Тамара Парахатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×