Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)

07 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік - демографиялық үрдістер (1946 - 1991)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік - демографиялық өзгерістер сияқты күрделі мәселелерге тоқтала отырып Қазақстанға ғана емес, бүкіл жер шары тұрғындарының денсаулығына төнген зор қауіп екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи танымын, сөйлеу мәдениетін дамыту, әртүрлі тапсырмалар арқылы тарихи оқиғаларды есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша баяндау, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, тапсырмалар, кестелер, Семей полигоны туралы деректі фильм.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
1 - тапсырма: Кестені пайдаланып, сәйкестікті табу.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Экологиялық проблемалардың асқынуы.
2. Aрaл aпaты.
3. Демографиялық үрдістер.

1. Табиғи пайдалы қазбалардың аса мол қорлары бар, бірақ табиғат қорғаудың құқықтық базасы жоқ, өндірістің төмендігі мәдениетінің жағдайында Қазақстан аумағы ғылым мен техника жетiстiктерi тегеурiнiнiң алдында қорғансыз болып шықты. Экономиканың дамуы, жаңа кен орындарын игеру, жаңа елдi мекендер салу табиғи ресурстарды көп мөлшерде қажет етті. Ұзақ уақыт бойы республикадағы табиғи байлық сарқылмайтындай көрініп, ол экстенсивтi жолмен игерiлiп келдi. Тек 80 - жылдардың екiншi жартысында ғана Қазақстанның экологиялық жағдайын сауықтыру мен оның табиғи байлықтарын тиiмдi пайдалануға бетбұрыс басталды. Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғаудың іс-тәжірибесі өте қанағаттанғысыз жағдайда едi.
Келтірген зияны:
Жайылымдық жерлер де зардап шекті.
Кей өңірлер қу тақырға айналды.
Топырақ эрозиясы республикадағы 5 млн гектардан астам жыртылатын жерді қамтыды.
Өскемен, Балқаш, Лениногор т. б. қалаларда орналасқан түсті металлургия кәсіпорындары 1960 жылдары атмосфераға сағатына 3, 6 млн текше метр техникалық газ, 3, 1 млн текше метр зиянды қоспа таратқан.
Тобыл, Есіл, Ертіс, Орал, Бадам, Қаратал өзендеріне жыл сайын млрд - таған текше метр тазартылмаған кір су ағызылған.
КСРО - ның әскери, химиялық және ғарыштық полигондарының сынақтары жүргізілген аймақтар:
Капустин Яр, Азғыр полигондарында бірнеше мәрте жер асты ядролық жарылыстары жасалынды.
Сарышаған полигонында әуе қауiпсiздiгi күштері стратегиялық жүйелері мен лазер қаруының бірнеше дүркін сынақтары жүргiзiлдi.
Семей полигонындағы сынақтар аймақтың экологиялық жағдайын одан әрi асқындырды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 572
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Оқушыларға негізгі экологиялық проблемалардың түрлері, таралу аймақтары, таралу себептері жайлы түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
1946 - 1991 ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер
1946 - 1991 ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер
Батыс Қазақстан облысы, Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева
Дүниежүзінің халқы
Дүниежүзінің халқы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1 мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Халық саны мен табиғи өсімі
Халық саны мен табиғи өсімі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×