Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1946 - 1991 ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер

06 қыркүйек 2015, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы,
Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі Дюсегалиева Татьяна

Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақ тақырыбы: 1946 - 1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер.
Сабақ мақсаты: Қазақстандағы әлеуметтік – демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын оқып үйрену.
Күтілетін нәтиже: А. Қазақстандағы әлеуметтік – демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын біледі.
В. Демография, этнография, табиғи өсім, депортация, халық миграциясы, эмиграция, диаспора және халық санағы ұғымдарын ашады. Әр жылдардағы демографиялық дағдарыстың салдарын салыстырады.
С. Сол уақыттағы тарихи жағдайларға байланысты деректерді салыстырып, өзіндік көзқарасы негізінде талдау жасайды.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар Қазақстан тарихы оқулығы 9 сынып Б, Ғ Аяған, М. Ж. Шәймерденова
Интерактивті тақта, ресурс парағы, флипчарт, интернет материалдары, маркер, стикер, рефлексия парақтары, бағалау ағашы.

Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Кіріспе
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Мозайка» арқылы топқа 3 топқа бөлу.( 2 минут)

Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал!» әдісімен қайталау. Түрткі сұрақтар, қайта бағыттау. (8 минут)
1. Жаңаөзенде әлеуметтік қайшылыққа байланысты тәртіпсіздік қашан болды?
2. Жаңаөзендегі қозғалыстың себебі неде?
3. Жаңаөзендегі қақтығыс қалай тоқтатылды?
4. 1989 ж шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі өткен қала?
5. 1989 ж Қарағанды шахтерлерінің ереуілінде қандай жаңа талаптар қабылданды?
6. 1989 ж шілдесінде Қарағанды кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келген Қазақстанның басшысы?
7. Қарағанды кеншілерінің үкімет алдына қойған талаптары туралы не ойлайсыңдар?

2 тапсырма.
Венн диаграммасын толықтыр.
1. Жаңаөзен, Қарағандыдағы ереуілдердің ұқсастығы неде?
2. Айырмашылығы неде?

Тұсаукесер Видеоролик арқылы жаңа сабақты мағынасын ашу. (5 минут)
- Оқушылар бұл бейнежазбадан не байқадыңыздар?
- Халықтың өсімін зерттейтін ғылымды қалай атаймыз?
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
1946 - 1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер.

Жоспары:
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер
2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.
3. Қазіргі демографиялық үдерістер.

Негізгі бөлім
«Топтық таныстырылым» әдісі. (15 минут)
(постер қорғау). Жоспар бойынша 3 топқа
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер
2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.
3. Қазіргі демографиялық үдерістер тақырыптарын меңгерту мақсатында тапсырма
беріледі. Оқулықтан, қосымша ресурс парақтарынан мәліметтерді оқиды. Топпен ақылдаса отырып, топ ішінде талқылап, постерге түсіреді. Әр топ өз жұмыстарын аяқтаған соң берілген уақыт бойынша қорғап шығады.
2. тапсырма. Топтар арасында жұмыс, пікір алмасу, АКТ
пайдалану.«Депортация, Тың игеру кезінде Қазақстанға қоныс аударған халықтардың өмірі» тақырыбында суреттер көрсетіледі. (5 минут)

Сұрақ:
1. Не көріп, не сезіп, не ойладың?
2) Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?
3) Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?

Қорытынды
1тапсырма.
Сәйкестендіру тесті.( Термин сөздермен жұмыс).
(7 минут)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 075
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі.  Демографиялық саясат
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі. Демографиялық саясат
Дүние жүзі халқының саны, оның өзгеру динамикасы, халық саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін анықтау, салыстыру, ұдайы өсуін 1, 2 типіне жататын елдерді жіктеуге, демографиялық саясат түрлерін ажырата білуге үйрету.
Шоқан мен өнерлі бала Мысық
Шоқан мен өнерлі бала Мысық
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат
Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 7 орта мектебінің география пәні мұғалімі Мысамбаева Гүлбаршын
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол Қосаевич
Халық саны мен табиғи өсімі
Халық саны мен табиғи өсімі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Жанбай ауылының демографиялық жағдайы
Жанбай ауылының демографиялық жағдайы
Авторы: Бақтығалиева Тілекші Тілекқабылқызы 10 А сынып оқушысы Жетекшісі: Жунисова Нурзила Муратовна Физика және экономика пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×