Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясы

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Арнайы пәндер оқытушысы
Хастаева А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: студенттерді тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясымен таныстыру;
Дамытушылық: студенттердің теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: тағамдарды пайдаланып қана қоймай, ұқыптылыққа, әдемілікке, тындырымды істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зертханалық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Пәнаралық байланыс: азық - түлік өнімдерін тану.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
1. Тұздықтардың классификациясы туралы айтыңдар.
2. Салқын тұздықтар мен ыстық тұздықтардың айырмашылығы неде?
3. Тұздықтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Ақ және қызыл негізгі тұздықтарға сипаттама беріңдер.
ІІІ. Топпен жұмыс
Негізінен студенттер 4 топқа бөлінген. Әр студент өзінің тобымен жұмыс атқарады.

1- топтың тапсырмасы:
№834 Шоколад тұздығы
Дайындалу технологиясы:
Какао – ұнтағын қантпен араластырамыз. Қоюлатылған сүтті ыстық сумен араластырамыз және қолды үзбей араластырып тұрған күйде қантпен какаоны қосамыз, қайнатамыз, сүземіз және суытамыз. Салқын тұздыққа ванилинді қосамыз.

2- топтың тапсырмасы:
№ 835 Жаңғақ (миндаль) тұздығы
Дайындалу технологиясы:
Қоюлатылған сүтті, табиғи сүтті және суды 80 - 850С температурада 5 - 8 минут қолды үзбей араластырып қайнатады. Ыстық сұйықтықты сүзеді, бөлме температурасымен бірдей етіп суытады. Миндальді қабығынан тазартады, ол үшін миндальді 1 - 2минутқа қайнап тұрған суға салады, салқын сумен жуады және 50 - 700С температурада кептіреді. Миндальді үгітіп қуырады, қант қосады және дайын болған сұйықтықпен қосады да араластырады.

3 -топтың тапсырмасы:
№840 Коньяк тұздығы
Дайындалу технологиясы:
Жұмыртқаны қантпен араластырады, сүт, қоюлатылған сүт, қайнаған су қосады. Сұйықтықты 85 - 900С температураға дейін қыздырады және осы температурада 10минут қайнатады. Салқындатады және соңында коньяк қосады.

4- топтың тапсырма:
№842 Алма тұздығы
Дайындалу технологиясы:
Алманы дәндерінен тазалап, тілімше етіп турап, ыстық су құйып 6 - 8 минут беті жабық күйінде қайнатады. Содан кейін пюре тәріздес консистенцияға дейін езеді, сұйықтығына қайтадан қосады, қант, лимон қышқылын қосып қайнатады. Картоп крахмалын алманың суық сұйықтығында (аз мөлшерде) араластырып қояды. Дайын тұрған крахмал езбесін қайнап тұрған сұйықтыққа қосып қайнатады. Дайын соусқа корица қосады. Корицаны қоспаса да болады.

ІҮ. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта біз, тұздықтардың тағы бір түрі - тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясымен танысып, білдік. Алға қойылған мақсатымызға жеттік.
Ү. Үйге тапсырма. Тәтті тұздықтардың сапасына қойылатын талаптар.

Толық нұсқасын жүктеу
11 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Езбе көжелер түрлері
Езбе көжелер түрлері
Езбе - көжелердің түрлері, құрамы, дайындау технологиясы мен ұсыну температурасы, безендіру, тарату мен басқа көжелерден айырмашылығын атап көрсету.
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шамалар түрлерін есептеу бойынша білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Салқын тағамдар мен басытқылар
Салқын тағамдар мен басытқылар
Білімділік: болашақ мамандарды осы зертханалық жұмыс арқылы салқын тағамдар мен басытқылардың дайындалу технологиясымен таныстыру.
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Астана қаласының Политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Манарбек Махпал
Котлет жасау технологиясы
Котлет жасау технологиясы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның Технология пәнінің мұғалімі Бакелекова Динара Болатханқызы
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×