Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Котлет жасау технологиясы

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Котлет жасау технологиясы. (9 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға котлет жасау технологиясымен туралы таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат №7
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тұздықтардың классификациясы туралы айтыңдар.
2. Салқын тұздықтар мен ыстық тұздықтардың айырмашылығы неде?
3. Тұздықтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Ақ және қызыл негізгі тұздықтарға сипаттама беріңдер.
5. Дайын тұздықтың бетінде қабық пайда болмауы үшін не істеу керек?
6. Гарнир дегеніміз не?
7. Ет тағамдарына гарнир ретінде қандай азық - түліктерді пайдаланады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Котлет еттен, балықтан, үй құстарының, сондай - ақ аң мен еті жеуге жарамды жабайы құстардың етінен, көкөністен, жармадан дайындалады.
Котлеттер қоспасыз таза, жаншылған және туралған еттен жасалған болып бөлінеді. Қоспасыз таза және жаншылған котлет жасау үшін мал ұшасының ең жұмсақ етін (арқасы мен белдемесінің), сондай - ақ үй құсының және аң мен жабайы құстың төс еті қолайлы. Туралған еттен котлет жасағанда ірі қара мен қойдың, құстың жілік етін пайдаланады.

Көкөніс котлеттерін піскен картоптан, капуста мен сәбізден немесе асханалық қызылшадан, жарма котлеттерін – пісірілген күріштен, сөктен, манныйдан, арпа жармасынан дайындайды.
Қоспасыз таза, жаншылған және туралған еттен жасалған котлеттерге қуырылған немесе қайнатылған картоптан, картоп пюресінен, көк бұршақтан, макарондардан, сусымалы ботқадан гарнир әзірлейді және көкөністердің әр түрінен құралған гарнирлерді де қосып береді. Ал балық котлеттеріне гарнир қайнатылған картоптан, пюреден, буға пісірілген күріштен жасалады. Көкөніс пен жарма котлеттерін дастарқанға гарнирсіз қояды, бірақ соус немесе сары май қосып береді. Жармадан жасалған котлеттерді тәтті тағам ретінде де пайдаланады, ол үшін оған ваниль қосып, көкөністерден жасалған тәтті соустар, кисель мен қайнатпа қосып ұсынады.

Қоспасыз таза және жаншылған котлеттер. Бұл котлеттерді дайындау үшін малдың жұмсақ етін пайдаланады. Қоспасыз таза котлет жасау үшін етті жақсылап жуып, тазартады, содан кейін етті қиғаштап, котлет көлеміндей етіп турайды. Әр котлетті тұздап, аздап бұрыштайды да, қызарып піскенше табаға салып қуырады. Бұл котлетті сүт соусына қыздырып, пісіруге де болады. Ол үшін оны әуелі қуырып алады, сонан соң сүт соусын құйып, үгілген ірімшік сеуіп, духовкаға қояды.
Жаншылған еттен котлет жасау үшін етті жуып, тазалайды, одан кейін әр котлетті аздап тоқпақтап жаншып тұздайды, бұрыш сеуіп, жұмыртқа қосады, кептірілген нанның ұнтағына аунатып алады. Сонан соң табаға салып, 15 - 20 минут беті қызарғанша пісіреді. Дайын котлетті дастарқанға қояр алдында үстіне сары май қосады.
4 - 5 жаншылған ет котлетіне: 600 г ет, 2 ас қасық шыжғырылған немесе басқа май, 1 жұмыртқа, 3 ас қасық кепкен нан ұнтағы жұмсалады. Тұз бен бұрышты қажетінше салады.
Туралған еттен жасалған котлет. Етті сүйегінен бөлектеп, сіңірінен тазартады, содан кейін ұсақтап турайды да, ет тартқыштан өткізеді, суық суға немесе сүтке жібіткен қабықсыз нан, керегінше тұз, бұрыш қосады. Барлығын араластырып, ет тартқыштан тағы да өткізеді. Арық етті немесе кәрі малдың етін пайдаланғанда котлет тым тығыз әрі құрғақ болып шығады, сондықтан оған үзбей араластырып отырып суық су немесе сүт (кілегей) құю керек.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Котлет неден жасалады?
2. Қоспасыз таза және жаншылған котлеттердің айырмашылығы неде?
3. Туралған еттен котлетті қалай жасайды?
Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз, котлет жасау технологиясын туралы білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма. Котлет жасау.
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Баға қою.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
15 344
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бутербродтар дайындау технологиясы
Бутербродтар дайындау технологиясы
Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты таза жұмыстануға тәрбиелеу.
Тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясы
Тәтті тұздықтардың дайындалу технологиясы
Арнайы пәндер оқытушысы Хастаева А.Ж.
Шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер аспабын жасау технологиясы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің технология, сызу пәнінің мұғалімі Мухатаев Асылан Балықбайұлы
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Балық және теңіз өнімдері
Балық және теңіз өнімдері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Қой етінен дайындалатын шалаөнімдер
Қой етінен дайындалатын шалаөнімдер
Шала өнімдер - бұл одан әрі өңдеуде керек ететін өнімдер. Дайындау тәсіліне қарай шала өнімдерді: табиғи, нан ұнтағына аунатылған және шабылған деп үшке бөледі. Табиғи порциялы шала өнімдерді ұшаның дәнекер ұлпалары аз жерлерінен кесіп алып, бір
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×