Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киіз үй

04 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Технология
Сабақтық тақырыбы: Киіз үй.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға киіз үйдің жасалуы, қолданылуы туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушының жүрегін ұлттық сана – сезімге ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту;
Тәрбиелік: оқушыларды халқымыздың салт – дәстүрін білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, дайын киіз үй суреттері.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері,. тарих

Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
Жаңа сабақ
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы болып табылған. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі десе де болады.
Киіз үй — көшпенділердің тез жиып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарих
ымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылысы. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады.

Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Киіз үй - көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен, желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек - бөлек қанаттардан жасалады. Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады. Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау - шулармен бекітіледі. Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды. Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері - қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау - шулар арқылы ұштастырылады. Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр, ені 0, 8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады. Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жұқаяқ қойылып, оның үстіне абдыра, көрпе - жастық т. б жүктер жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым - сызынан, жауын - шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып - артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.

Қазақ киіз үйлерінің тіркеліп, тігілетін түрлері де кезікті. Мысалы: ортаңғы үйдің жан - жағынан бірнеше есік шығарылып, осы есіктерге бірден киіз үй тіркеліп, «Ортаңғы үй», «Төр ұй», «Ауыз үй», оң, сол қанаттағы «Жан үй» т. б. деп аталды. Бұндай үйлер 4 - 5 үйден тігілді. Бұдан басқа 2, 3 үйден қатарлап, тіркеліп тігілетін түрлері де кезікті. Екі үйден тіркеліп тігілген үй «Қос үй» деп аталды.

Әдетте қыста киіз үйде қыстайтындар туырлық, үзікті қостап жауып, іргені көміп, жылылап ұстаған. Тым ертеде 4, 6, 8 доңғалақты алып арбаларға қондырылған жылжымалы Ордалар да болды. Шағын арбаларға қондырылған шағын үйлер «Жорық үйлері» ретінде пайдаланды.
Сонымен киіз үйдің іші 3 бөлімге бөлінеді:
1. Төр.
2. Сол жақ.
3. Оң жақ.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен тұрады:
1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктер);
2. Киіздері;
3. Бау – шулары.

Сабақты қорытындылау. Оқушылар бүгін біз киіз үй туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен мына сұрақтарға жауап беріңдер
• Киіз үй дегеніміз не?
• Киіз үйдің іші не бөлімнен тұрады?
• Кең көзді кереге қалай аталады?
• Тар көзді кереге қалай аталады?
• Киіз үйдің есігі неше метр болады?

Оқушы білімін бағалау.
Үй тапсырмасы
10 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киіз үй
Киіз үй
Сан ғасырлар бойы қазақ халқының баспанасы болған киіз үйдің құрылымымен, маңызымен таныстырып, етістіктің шақтарының жасалу жолдарын қарастыру;
Киіз үй
Киіз үй
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Киіз үй
Киіз үй
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бактыгожина Альфина Сагадатовна
Жүннен жасалатын бұйымдар
Жүннен жасалатын бұйымдар
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×