Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері

30 мам 2014, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Нарық экономика негіздері пәні бойынша ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың мақсаттары:
1) жаңа тақырыпты игеру және пысықтау, пәнге деген қызығушылықты арттыра отырып, экономика әлемінде болып жатқан өзгерістер және жаңалықтар мен таныстыру ой - өрісін дамыту
2) оқушылардың патриоттық сезімін дамыту, жауапкершілікке баулу, сыйластыққа тәрбиелеу
3) өз ойын жеткізе білуге үйрету, көпшілік алдында сөйлей білуді үйрету, презентациялық әдістерімен, сөйлеу мәдениетімен, өзін - өзі ұстай білу этикетімен таныстыру
Оқыту әдістері: ситуациялық жағдайларды ұсыну, баяндау, түсіндіру, сұрау
Сабақтың көрнекілігі: лекциялық материал, бейне материалдар, слайдтар,
интерактивті тақта, компьютер, проектор

Сабақтың барысы. 1) ұйымдастыру кезеңі – оқушылардың сабаққа қатысуын
тексеру, олардың дайындығына назар аудару 2 - 3 мин.
2) өткен тақырыптар бойынша шолу жасау 10 - 15 мин.
3) сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою,
пәннің басқа пәндермен байланысын көрсет 40 - 50 мин.
4) жаңа тақырыпты бекіту 10 - 15 мин.
5) ұй тапсырмасы 2 - 3 мин.

Сабақты өткізу барысында ойын элементтерін пайдалануға болады.
Топты үш командаға, яғни үш компанияға бөліп, үйге тапсырма ретінде, өткен тақырыптарды пайдалана отырып, компаниялары жөнінде қысқаша мағлұмат дайындау қажет ( компания туралы слайдтар, бейне материалдарды дайындауға болады), компанияның атауын қоюға болады.
Бұл жерде оқушылардың қиял ойларын жүзеге асыру мүмкіндігі туындайды.
Оқытушы оқушыларына өз компанияларындағы белгілі қызмет атауларын анықтауға көмектесуі тиіс.
Оқушылардың дайындаған материалдарын компьютерге енгізіп, проектор арқылы көрсетуге болады.
Әр компанияға рет - ретімен ортаға шығып өздерін таныстыруға мүмкіндік беріледі.
Оқушылар таныстыру кезеңін аяқтағаннан кейін, оқытушы жаңа тақырыпты тақтаға шығарады (интерактивті тақтада көрсетіледі).
Алыстан нашар көретін оқушыларға тақырыптың маңызды сипаттамаларын арнайы кітапша ретінде шығарып таратуға болады.
Оқушылардың ой - өрісін дамыту мақсатында тақырыпқа қосымша мағлұматтарды кесте, сызба, сөзжұмбақ түрінде ұсынуға болады.
Жаңа тақырыпты пысықтау кезінде де ойын элементтерін пайдалануға болады.
Мысалы: «кәсіпкерлер саммитінің соңында журналисттермен пресс - конференция өткізу», немесе «қатысушылардың өз - ара өткен саммит бойынша ой бөлісуі», «журналисттерге интервью беру» т. б. түрде тақырыпты пысықтауға болады.
Соңында, оқытушы сабақты қорыта келе, оқушыларына жасаған жұмыстары бойынша артықшылық - кемшіліктерін айтып, белсенді қатысқан оқушыларды атап, баға қоятындарына баға қойып, қалғандарына ынталандыру мақсатында мақтау - мадақтау және алғыс сөздерін айтады.

Алдымен 1 компания, яғни «Мирас» компаниясына сөз беріледі. Бұл компания қызметкерлері өзі - өзін таныстыруға кемінде 5 минут алады.
Таныстыру кезінде компания қызметкерлері дайындаған материалдарын ұсынып көрсетеді
Содан кейін 2 компания, яғни «Newтранс» компаниясы өздері дайындаған материалдарын көрсетеді, өздерін таныстырады.
Осылай үшінші компанияда өздерін таныстырады.
Барлық компанияларға 5 минуттан артық уақыт берілмейді.
Оқушылардан құралған компаниялар өздері туралы мағлұмат бергеннен соң оқытушу сөз алады.
Оқытушы жаңа тақырыпты жариялайды, тақырып бойынша қаралатын сұрақтарды атып өтеді: 1. Еңбекақы туралы жалпы мағлұмат
2. Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру принциптері
Тақырыптың мәтіні: 1. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
• жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын
мүлік құны;
• оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
• оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.
Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы, күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше таланты адамдардың шығармашылық еңбектері жоғары бағаланады.
Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді (қоғамданады) және әр түрлі
салық есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді (денсаулық сақтау, білім беру, зейнетақы қорларын қамтамасыз ету және т. б.).
Жалақы – атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс жалақы – бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының «сатып алуға жарамдылығы».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 417
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Нарық не нәрсесіз әрекет ете алмайды
Нарық не нәрсесіз әрекет ете алмайды
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы. №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің экономика пәні мұғалімі Мырзашова Шакизат
Табиғи қорлар
Табиғи қорлар
Табиғи қорлар тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін тереңдету, нақтылау және толықтыру. Оқушыларды іскерлікке, ізденушілікке үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×