Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің капиталым

17 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Іскерлік ойын «Менің капиталым»

Мақсаты:
 Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
 Алынған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету; топта жауапкершілікті сезініп жұмыс жасауға тәрбиелеу;
 Экономикалық бағыттағы есептерді шығаруға оқушылардың қызығушылығын дамыту.
Сайысқа 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады. Команданың аты, ұраны, эмблемасы болады.
Сынып оқушылары арасында рольдерді бөлу:
− 5 адамнан екі топ ойнайды.
− Топқа кірмейтін екі адам алынған пайданы есептейтін аудитор тағайындалады.
− Қалған оқушылар тең екіге бөлініп акционерлер болады.

Мұғалім: Мен бүгінгі біздің іскерлік ойынымызды 2014 жылы 17 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауының бесінші бағытымен бастағым келіп отыр. Ол былай деген болатын.
- Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Бизнесті дамыту үшін оған кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.
Бүгінгі іскерлік ойынымызда сіздер - банк қызметкерлері сіздер. Яғни ақша есептеу арқылы «капиталдарыңды» өсіресіздер.
Оқушылар: Банктың атын қояды.

«Капиталинвест»
«Алтын адам».
Сіздердің мақсаттарың - ақша, кіріс, табыспен байланысты экономикалық есептерді шеше отырып, алғашқы капиталдарыңды көбейту. Сіздердің акционерлерің бар, сұрақтарға жауап бере отырып, олар да сіздерге табыс әкеледі.
Көп «табыс» алған фирма жеңеді.

Ойын ережесі.
1. Банк басқармасын таңдау.
2. Әрбір банкінің бастапқы капиталы – 100 000 тг.
3. Әрбір банкі кезек - кезек бағасы 500 – ден 2 000 тг. дейінгі сұрақ таңдайды.
4. Егер сұраққа дұрыс жауап берілсе, капиталы сұрақ құнына өседі.
5. Жауап қате болса, онда капиталы:
а) егер келесі банк та дұрыс жауап бере алмаса, сұрақтың бағасының 50% - іне кемиді.
б) егер келесі банк дұрыс жауап берсе, 100% - ке кемиді.
6. Өзара келісіп, өз тапсырмасын сата алады. Есеп шешілсе, есептің құны қосылады
7. Уақыттың бөлінуі
8. Акционерлер қосымша сұрақтарға жауап берсе, капитал 500 тг. өседі.

500 тг. Сұрақтар
1. Жарнама деген не? (Өндірістің, сауданың, әртүрлі мәдени - тұрмыстық кәсіпорындары мен мекемелердің сондай - ақ жеке адамдардың тұтынушыларды заттар мен қызмет көрсету істерімен таныстыруы, соларды жариялауы, насихаттауы)
2. Акционерлік қоғамға иелік құқы қалай анықталады? (Акционерлік қоғамға иелік құқы акциялар бойынша бөлініп таратылады)
3. Серіктестік деген не? (екі немесе одан да көп адамдардың бизнеспен айналысатын еркін одағы)
4. Бизнестің басты мақсаты не? (Бизнестің басты мақсаты – табыс)
5. Нарық деген не? (сатушылар мен сатып алушылар бір бірімен қатынасқа келіп бизнес жасайтын «механизм»)

1000 тг. сұрақтар.
1. Шебер кеудеше тоқып 1000 тг. сатты. Егер тоқу үшін 200 тг. – ден 3 орам жіп, ал әдемілеу үшін 100 тг. бисер пайдаланылса, оның түсірген табысы қандай? (300 т.)
2. Екі бизнесмен бәстесті: кім көп табыс табады. Біреуі өз тауарын сатып, 50000 тг. пайда тауып, 30000 тг. шығын болды. Ал екіншісі 10000 тг кем сауда жасап, 20000 тг. жұмсады. Бәс тігуде кім жеңді? (ешкім)
3. Костюм 110 $ тұрады. Егер франкінің долларға қатысты бағамы 5, 5 болса, костюмге қанша франк төлеу керек? 1$=5, 5 франк. (605 франк)
4. Екі дос ақша тапқысы келді. Олар дүңгіршектен әрқайсысы 3 теңгеден 100 газет алып 5 теңгеден сата бастады. Егер олар барлық газетті сатса, қанша пайда табады? (200 тг.)
5. Түлкі аралардан 100 кг балды 10000 тг. сатып алды, ал базарға апарып 1кг - ын 130 тг. сатты. Барлық балды сатып болғанда түлкі қандай пайда табады? (3000 тг.)
6. Қанат бәліш пісіріп базарда сатты. Бірінші күні 10 тг - ден 100 бәліш сатты. Екінші күні бағасын 10% - ға азайтып, 110 бәліш сатты. Ол қай күні көп ақша тапты? (бірінші күні)

Құны 2000 тг. сұрақтар.
1. Екі бала кітап сатып алғысы келеді. Біреуіне 50 тг, екіншісіне 10тг жетпейді. Олар ақшасын қосып еді бәрібір жетпеді. Кітап қанша тұрады? (50тг.)
2. Бір өндірістің өнімін сатқаннан кейін түскен ақша 500000 тг. Және сол кездегі шығыны:
Шикізатқа 200 000 тг.
Отынға 15 000 тг.
Жалақы 145 000 тг.
Кредит, салық 45 000 тг.
Барлығы 405 000 тг.
Оның пайдасы қанша? (95 000 тг.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Ж. Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі Меңдіғазиева Г.
Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік бюджет
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»
Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×