Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»

17 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың мақсаты: «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» арқылы кәсіпкер мамандығын саналы түрде таңдауға дайындау.

Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету;
Дамытушылығы: маңызды шешімдерді қабылдай алатын,жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымдылық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелігі: жеке бас құндылықтары, мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп, ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: бизнес ойын сабағы.
Кәсіби бағдар беру: кәсіпкерлікке баулу
Сабақтың әдісі:әңгімелесу.топтық жарнамалау,жобалау технологиясы,
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, бизнес жоспарының үлгісі.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер.
Пәнаралық байланыс:сурет,математика,қазақ тілі,өзін-өзі тану, қаржылық сауаттылық.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі экономика пәні бойынша «Менің бизнес жоспарым» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020»арқылы кәсіпкер мамандығын таңдауға, бизнес жоспарын жасау жолдарын үйрену.
Ендеше, іскерлік ойынымызға қатысушы бизнес топтарын ортаға шақырамыз.
1«Ақ ниет» бизнес тобы.
2. «Үржар - алма» бизнес тобы.
3.Көрермендер тобы.

Сонымен қатар «Тәуелсіз сарапшылармен»таныс болыңыздар.
1.Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.А.Галиев мырза
2.Үржар аудандық қаржы бөлімінің бастығы А.Н.Сарбасова ханым.
3.Үржар аудандық «Уақыт тынысы»газетінің тілшісі З.Н.Турапова ханым

Сіздер бүгінгі іскерлік ойынға қатысушылардың бизнес жоспарына баға бересіздер.
2012ж 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын арнады.
«Әлеуметтік-Экономикалық жаңғырту –Қазақстан Дамуының Басты Бағыты» жолдауында 10 бағыттан тұратын даму жоспарын белгіледі.

Бейне фильм: Елбасы Қазақстан халқына жолдауын арнады.
Бірінші бағыты бойынша Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы бағдарламасын бекітті.

1.Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау
а)жұмыспен қамту бағдарламасы-2020
б)техникалық және кәсіптік білім беру жағдайы
2.Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау
3.Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру
Бағдарламаның соңына қарай 2020 жылға қарасты 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруы керек.
Қазіргі кезде кәсіпкер болуы үшін алдымен оқып,өз бизнес жоспарын құру қажет.
Бизнес жоспардың мазмұны:
1.Түйін
2.Кәсіпорынның жалпы сипаты.
3.Ұйымдастыру жоспары.
4.Маркетингтік жоспар.
5.Өндірістік жоспар.
6.Қаржылық жоспар.
7.Жоспарды заң жүзінде пысықтау.
Сонымен іскерлік ойынымыз «Менің бизнес жоспарым» ІІ бөлімнен тұрады.

І бөлім: «Болашақ табыстарды алдын ала жоспарлау керек»
1.Таныстыру
2.Кәсіпорынның жалпы сипаты
3.Жарнама

ІІ бөлім: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»
1.Ұйымдастыру жоспары
2.Маркетингілік жоспар
3.Өндірістік жоспар.
4.Қаржылық жоспар.
5.Жоспарды заң жүзінде пысықтау

Қорытынды.
Барлық бизнес жоспар өте қызықты болды.Әрине, осындай бизнес жоспарды біздің Үржар ауданымызға керек деп ойлаймыз.Тәуелсіз сарапшыларымыз бүгінгі іскерлік ойынымыздың қорытындысын дайындағанша көрермендерге сұрақ.
Үржар ауданын көркейту үшін қандай бизнес жоспар құруға болады? (көрермендердің жауабы)
Көрермендер Ақ ниет, Үржар алма бизнес жоспарын ұсынған кәсіпкерлерге сұрақ.
Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
Қандай әсер алдыңдар?

Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасының пайдасы
Енді тәуелсіз сарапшыларымызға қорытынды сөз берейік
Жақсы кәсіпкер болу үшін бүгінгі «Менің бизнес жоспарым» іскерлік ойынымызда айтылған мәселелердің барлығы маңызды.
Соның ішінде есте сақтайтын ең басты қағиданың негізгісі: еңбек пен білім. Қазақстанның бизнесін әлемге паш етер кәсіпкер болатындарыңызға сенімдімін.

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы
Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының
технология пәнінің мұғалімі
Саябаева Гүлғайша Жакеновна 
24 061
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау және дамыту жолдарын үйрету. Оқу сапасы туралы қорытынды жасау мақсатында, оқытуды жақсартудағы бағалау жолдарын зерделеу, ұтымды қолдану, іс - тәжірибеге енгізу жолдарын
Қайталау есептері
Қайталау есептері
Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды, берілген қатардың өзгеріс ауқымын, модасын табуды үйрете отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету.
Кәсіпкерлік және бизнес
Кәсіпкерлік және бизнес
Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - бағдар беру. Оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой - өрісін
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Атырау қаласы, Бизнес және құқық колледжі, математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер (математика-ағылшын кіріктірілген сабағы) Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы. Әдіс-тәсілі:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×