Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экономика көшбасшысы

22 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Экономика көшбасшысы» (сайыс)
Мақсаты: Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: сайыс
Әдісі: Сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Саясаттану, әлеуметтену, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, астрономия.

Сабақтың барысы:
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру. Топқа бөлінген оқушылар жеке - жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.
І - топ. «Экономистер»
ІІ - топ «Теңгелер»

Сайыс жоспары.
1. «Өнер - білім бар жұрттар» (Мақал - мәтелдер жарысы).
2. «Білім аукционы» (әр топқа оқу пәндері бойынша сұрақ қойылады дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды.)
3. «Эрудиттер сайысы» (оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап беріп, уақытты тиімді пайдаланған топ жеңіске жетеді).
4. «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек)
5. «Отандық брендті бірге жасайық» (Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен, өлеңдермен, әндермен шығуы керек).
6. «Конверттен шыққан басқатырғылар» (Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек).

Сабақта жасалынатын әрекеттер:
топқа бөлу, жеке жұмыс, ой - пікірін тыңдау (ой - шақыру), слайдтар мен фото суреттермен жұмыс, пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді), шығармашылық жұмыстармен таныстыру, эксперттер тобының жұмысы (бағалау), мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір - бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан - жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше. ҚР - ның Президенті Н. Ә. Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл әрине өзін - өзі ақтады. Осы ретте ағылшынның «темір ханымы» атанған М. Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, бүгінгі сабағымыз экономика біздің өмірімізде деп аталады.

І. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз.
Таза мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады,- деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз.

І. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал - мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жеті рет өлшеп,......... (бір рет кес).
Есептей білгеннің....... (есесі кетпейді).
Судың да...................(сұрауы бар).
Теңге................(тиыннан құралады).
Ақыл азбайды........(білім тозбайды).
Ақшаны табудан....... (шашу оңай).
Ақшаны..... (ақша жасайды).
Ақша кетуге тырысады,
Есеп...... (ұстауға тырысады).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 256
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.
Үнемділік
Үнемділік
Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Білім биржасы
Білім биржасы
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×