Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы

01 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы (8 - 11 сыныптар)
Мақсаты: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, плакат, шарлар.

Барысы: Жүргізуші: Білгенге: білім - байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер - білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Жүргізуші: Білім - өшпес жүрекке жанған шырақ,
Ол - көк сауыт, құрыштай қару - жарақ.
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық
Кезі келді міне ойланарлық.

Жүргізуші: Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,- дей келе білім - адам баласының ортақ қазынасы. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен.
(Қазыларды таныстыру)

Жүргізуші: Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па? дей отырып сайысымызды бастаймыз.

Сайыстың шарттары:
1. Кім тапқыр? (географиялық сұрақтар)
2. Ойлан тап! (қалалар, саяхатшылар, қорықтар)
3. Сөз тапқанға. (әріптермен жауабын табу)
4. Ойлы болсаң озып көр. (географиялық жұмбақтар, мақал - мәтелдер)

1 - айналым.
1. Қ. Р. шекарасының ұзындығы (15 млн. км.)
2. Тоқыма, былғары, аяқ киім, тігін қай өнеркәсіптің салалары (жеңіл өнеркәсіп)
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал (Греландия)
4. Ең кіші материк ( Австралия)
5. Тропиктен экваторға қарай соғатын тұрақты желдер (пассат)
6. Қ. Р. қанша облыстан тұрады. (14)
7. Фонтан түрінде оқтын - оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар (гейзерлер)
8. Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
9. Жердің тас қабаты, жер қыртысы қалай аталады. (литосфера)
10. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді. (промиль)
11. Жердің су қабығы (гидросфера)
12. Жанартаудың атқылауынан бөлінетін қоймалжың масса. (лава)
13. Жердің кішірейтілген бейнесі. (глобус)
14. Ең кіші мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
15. Екі дүние бөлігінен тұратын материк (Еуразия)
16. Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді. ( 9)
17. Отын - энергетикасының салаларын ата (мұнай, газ, көмір)
18. Қ. Р. қанша экономикалық ауданнан тұрады (5)
19. Ең саны көп халық (Қытай)
20. Жағалауын төрт мұхит суы шаятын материк (Еуразия)

2 - айналым.
1. Облыс орталығы - Талас өзенінің темір жолымен қиылысқан жеріндегі жөңеске, Талас - Асы ірі алқабының орталығына орналасқан. Бұл қала Қазақстанның Тараз деген атпен 6 ғасырда белгілі ежелгі қаласы, Ұлы жібек жолындағы ірі сауда орталығы болған. (Жамбыл)

2. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, республиканың ең ежелгі қалаларының бірі, ол Өгем жотасының етегіндегі жазықты, Сайрам және Бадам өзендерінің аралығында, Арыстан, Жамбыл мен Алматыға қарай темір жол өтетін тұсқа салынған. Бұл қай қала. (Шымкент)

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебі
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 294
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Наурыз аруы сайысы
Наурыз аруы сайысы
Шығыс халықтарының ұлттық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы және қазақтың салт - дәстүрін оқушылар арасында дәріптеп, қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды жастайынан үйрете отырып, ұлт жанашыры, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу.
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез
Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп География пәнінің мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна Тақырыбы: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» (инеллектуальдық ойын)
Ойлы бала озар
Ойлы бала озар
Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×