Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мұғалімі – 2015 сценариі

16 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінде өткелі отырған «Жыл мұғалімі – 2015» байқауына хош келіпсіздер.
Ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, сапалы ұрпақтың, ұлттың ойлау қабілетіне, біліміне, іскерлігіне ұстаздардың арқасында жетеміз.
Ендеше байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ендігі кезекте байқауға қатысатын ұстаздармен таныстырып өтейін.
1. Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген қазақ тілі сабағын – Ахмет Нұрхат ағай.

2. Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Дүйсен апай бастауышта сабағы,
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты,
Қамтиды ол қосымша көп сабақты – деп Сүлей Дүйсен апай.

3. Математик нағыз маман өзіңсің
Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.
Аудан, аймақ көлемінде шектелмей,
Обылыстан бас жүлдемен көрінсін – дей келе Қабылбек Гауһар апай.

4. Басқарып бірлестікпен бірге келер,
Ал тарихи түсінік және берер.
Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне қосымша білім берер – Сеңгірбекова Нағима апай.

5. Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен.
Компьютермен жұмысы әрқашанда.
Информатика ұстазы бола білген – Кенжебек Ләззат апай.

6. Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әрдайым мектебіне келгенінде. – Жүсіпбек Ғалия апай.

7. Елгезек, тіл алғыш қып тәрбиелеп,
Шәкірттерді шығарды бірнеше рет.
Ине, жіп, биссерменен гүл тоқытып,
Еңбегіне қыздарын икемдеген – Өрікбай Айткүл апай.

8. Бала – шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Бастауыштың мұғалімі Жанна апай,
Іскерлікпен ісін алға тасытты – Ысқақ Жанна апай.

9. Еңбегіңіз бар елеулі ауданда да
Әр сөзіңді қалт жібермес барша бала,
Тәртіпті қатаң ұстап үлгі болған.
Сыйлайды шәкірттерде, ұстаздарда – Бесбаева Зейне апай.

Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру. (Фотоальбом жасау, партфолио көрсету) 3 - минут

2. «Білім берудегі менің инновациям». (Слайд арқылы ашық сабағын көрсету)
3. Теориялық – әдіс алмасу сайысы.
(а/ Педагогикалық тест. 2 – минут.
ә/ Психологиялық ситуациядан шығу. 1 – минут.)

4. Өнерлі ұстаз. (Ұстаздар өзінің кез келген өнерімен тәнті ету) 5 – минут.

5. Шығармашылық жұмыс ізденісі. (Слайдпен) 5 – минут

Әділдікті жақтаған әрқашанда,
Тура сөзге әрдайым тоқтаған ба.
Байқауымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
--------------------------

Бойыма алаулатып күш - жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі - бақи ұстазымды.

1. Таныстыру. (Фотоальбом жасау, партфолио көрсету) 3 – минут

Білімнің ашып келбетін, соңынан шәкірт ертетін.
Ұстазы болса білімді, шәкірті болар, зейінді дей келе келесі кезеңімізді бастаймыз.
2 – кезең. «Білім берудегі менің инновациям». (Слайд арқылы ашық сабағын көрсету)

Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты.
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сондықтан да жақсы көрер жақын жаты.
3 – кезең. «Теориялық – әдіс алмасу» сайысы.
(а/ Педагогикалық тест. 2 – минут.
ә/ Психологиялық ситуациядан шығу. 1 – минут.)

Өнеге мол сөзінде,
Өнері көп өзінде.
Ақ ниетті кең пейіл,
Ұстаздың көр өнерін.
4 – кезең. Өнерлі ұстаз. (Ұстаздар өзінің кез келген өнерімен тәнті ету)
5 – минут.

Көрдім де соларды қызықтым ісіне,
Сан сұрақ оралды ұстаздың есіне.
Ұстаз кім? Ұстаз ба ол – Ана!
Өмірде сені де, мені де қаққызбас ешкімге.
Ұстаз кім? Мұғалім ол – Дана.
Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім.
5 - кезең. Шығармашылық жұмыс ізденісі. (Слайдпен) 5 – минут

Ұстаз – бұл ұлы адам ел таныған,
Шәкіртін үйретуден жалықпаған.
Кішкентайдан қолынан жетектеп ап,
Сырлы әлемге өзіңді алып барған.

Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.
5 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Таныстыру өлең
Таныстыру өлең
Армысыздар, әріптестер қазыларым! Жас мамандар сайыста сынар бағын Бастайын мен өзімді таныстырып, Көрермен қошеметпен қабыл алғын.
Ұстазым – ұлағатым, үлгі - өнегем
Ұстазым – ұлағатым, үлгі - өнегем
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда, Күнім болып көріндің аспанымда. Білім болып егілдің жас жаныма, Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Бастауышым - бастамам
Бастауышым - бастамам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Токбаева Назира Туреевна
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Наурыз - думан ән сайысы
Ардагер ұстаздарға арнау
Ардагер ұстаздарға арнау
Өлеңнің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Соңғы қоңырау тілектері
Соңғы қоңырау тілектері
Өлеңдердің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×