Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру

22 тамыз 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Тана мырза орта мектебінің қосымша білім беру педагогі
Байназарова Жанар Әлкенқызы

Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін - өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Қосымша білім беру орталықтарындағы ең негізгі мәселелердің бірі - шығармашыл тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қосымша білім беру орталығы үйірмелеріне қатысатын оқушылардың барлығы дарынды оқушылар. Себебі олар өздерінің сүйікті ісімен айналысып, толыққанды меңгеруге тырысады. Сол себепті қосымша білім беру орталығындағы педагогтар әр баланың бойындағы даралық ерекшеліктерін анықтап, сол бойынша жұмыстар атқаруы керек. Оқушыны қызықтырып, өнерге тарта білулері қажет. Әр ұйымдастырылған сабақ үлгісі екінші өтетін сабаққа ұқсамауы керек. Яғни сіздің алдыңызға келетін баланың талабан қанағаттандыру қажет. Мысалы вокал бөліміне қатысатын оқушы эстрада жанрынан гөрі халық әндерін, халықтық нақыштағы орындалған әндерді ұнатады. Олай болса сол бағытта жұмыстар жасап, баланың қалыптасуына жадай жасау керек. Мемлекеттің білім беру саясаты қосымша білім беру ісіне үлкен көңіл бөлген. Оны мемлекеттің «Білім туралы Заңынан(2011. 19. 01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) көруге болады
37 - бап. Қосымша білім беру
1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру, түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қосымша білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларға білім беру қызметтерін көрсетуді бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 570
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты әдістерін түрлендіріп, баланың жүрегіне жол таба білуі.
Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Екібастұз қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. М. Мусабекова
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Садыбаева Назкен Жақсылыққызы Информатика пәні мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×