Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!

17 тамыз 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!

Қазақ атты халықтың көшін жалғайтын ұлы мұрасын аманаттап келешекке апаратын – әр кезеңнің өскелең жас ұрпағы. Ал оның тәрбиелі де тәлімді салауатты да сауатты болмағы - сіз бен бізге байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, педагогтің кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Заман талабына сай білім беру ұйымдарына жоғары білікті, шығармашылыққа талпынатын, өзін - өзі дамыта білетін, өз кәсібін жетік меңгерген білімді педагогтердің қажет екені анық. Ал педагог өз білімін біліктілікті арттыру курстарында шыңдайды. Қазіргі таңда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарындағы әр біліктілікті арттыру курстары өзінің тақырыбымен онда қарастырылатын жаңа технологияларымен ерекшеленеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстандық педагогтердің кәсіби дамуы саласындағы жаңа көзқарасы олардың біліктілік арттыру жүйесіне оң өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беріп, түбегейлі жаңғыруын шыңдай түсті. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты әдістерін түрлендіріп, баланың жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
«Шағын орталық жағдайында түрлі жастағы балалар тобын оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруды педагогикалық - әдістемелік қолдау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курста оқыту барысында көптеген біршама мағлұмат, ақпарат, жаңа технологиялар, мәліметтер алып, мол тәжірибе жинадым.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, біліктілігін жетілдіріп отыру ШО тәрбиешісіне рефлексияға қабілетті, өз ісіне есеп бере алатын, білім берудің әлемдік жүйесін игерген, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыратыны сөзсіз. Педагогтер балалардың бойына өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті сапалы біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет.
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз - өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. Бүгінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты мұғалім болып, сіңірген білімін болашақта қолдана алатын тұлғаны қалыптастырайық!
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!

Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылы,
Ә. Ермеков атындағы ЖББОМ
Ахмет Ардагул Базылкәрімқызы
2 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен өзіңді жеңе білуге тәрбиелей алсаң, өз ісіңнің маманы бола аласың, кәсіпқойлық өздігінен - ақ пайда болады.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы!
Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы!
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңаталап бастауыш мектебінің дене шынықтыру мұғалімі: Мұхаметжанов Еркін Сайлауұлы
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×