Ананың алақаны - ыстық бізге
Ананың алақаны - ыстық бізге
Мақсаты: Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарайтындығын ұғындыру.
Әдіс - тәсілдер:
Көрнекіліктер: Қонжық, ақ парақ, түрлі - түсті карандаш
Тренинг барысы: Құрметті ата - аналар бүгінгі тренингке қош келдіңіздер. Бүгінгі тренинигіміздің тақырыбы «Ананың алақаны - ыстық бізге» деп аталады. Бізің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингімізді бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Сондықтан да Отбасы Адам баласының алатын діңгегі. Өйткені адама ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - азамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
1. «Басқаға тілек» жаттығуы
Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізушінің қолында қонжық. Қатысушылар өз есімдерін айтып, бүгінгі күнге бір - біріне тілек айтудан басталады.
Мысалы менің есімім Ақелік. Күндей жайнап жүріңіз.
2.«Айнытпай орындау» жаттығуы.
Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші қимыл жасайды. Екі қол мен екі аяқты төменнен жоғары қарай жаймен көтере беру керек. 1 ден 10 ға дейін санап. Қатысушылар айнытпай орындау керек.
Барлығымыз қатесіз орындап тұрмызба. Қате орындап жатқан адамдардың санын айтады.
Балаға бір нәрсе үйретсекте қатесіз үйретіп, қатесіз орындауларын талап етейік. 3 - 5 рет орындау керек.
3. Дастарханда отыру үлгісі.
Қатысушыларды екі топқа бөліп өздеріңніңіздің отбасында дастархан басында қалай отыру керектігін салулары керек. Отбасы мүшелері: Ата; Әже; Әке; Немере; Келін; Қонақ; Қыз; Күйеу.
Үлгі
Ата - бабаларымыз ер адамдарды әрқашанда ұлық тұтып, биік санаған. Ол үйдің отағасы, балалардың әкесі. Сондықтан ер адамдар жоғары отырған. 3 жастағы немере ұл бар болса, әжеміз содан төмен отырған. Қонақ пен қызға төрден орын берген. Қонағын құдайындай сыйлаған. Әже мен келін төменгі жақта отырған. Күйеу балада төменгі жақта отырады.
4.«Шаңырақ», «Кереге», «Уық» жаттығуы.
Шаңырақ - Қолымызды екі жаққа жоғары көтеріп, екі қолды бір – біріне қаратып иеміз.
Кереге - отырып екі қолымызды екі жаққа созып, иеміз.
Уық - екі қолды алдымызға созып, иеміз.
Кереге, Шаңырақ, Уық;
Уық, шаңырақ, кереге.
Шаңырақ, уық, кереге деп орындарын ауыстырып, тез - тез жасаймыз. Сіздердің бірінші рет жасағанда қабылдауларыңыз нашар болды. Қайта-қайта жасай бергесін қабылдауымыз жақсарып, қатесіз орындап жатырмыз. Балаларыңызға күнделікті жасауларыңызға болады. Бала тез жаттап алып, қатесіз орындайды.
5. «Өтінемін» ойыны
Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады. Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» дегн сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- Секіріңіздер
- Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер
- Өтінемін, бір - біріңізге қарап жымиыңыздар
- Оң қолдарыңызбен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар
- Өтінемін, отырыңыздар
- Сол қолдарыңызды көтеріңіздер
- Өтінемін, аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
6. Фигураны таңда
Таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына
дейін жеткізетін жандар.
Таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына
жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
Осы екі фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын және
қуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар және де қолынан бәрі келеді
екен.
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Өсиет әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, ата - анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата - анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына өтініш жасайды.
- Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлеймін депті.
Қалай ойлайсыздар бала неге өтінді.
Міне, ата - ананың аялы алақаны ыстық, балаға әсері күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
7. «Алақан» тілегі
Ата - аналар алдарыңызда тұрған ақ параққа қолдарыңыздың қойып, алақанның суретін салуларыңыз керек. Соған балаларыңызға, тәрбиешілерге, ұжымға, тренинг жүргізушіге тілек пен ұсыныс жазуларыңызды сұраймын.
Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, бірге атсалысайық.
Құрметті тренингке қатысушылар! Бүгінгі «Ананың алақаны - ыстық бізге» атты тренингімізге қатысқандарыңызға үшін зор алғыс айтамын. Әрқашан бір - бірімізге алғыс айтып жүрейік.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
"Ақбота" балабақшасының психологы
Тоғаева Ақелік Утелгеновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.