Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала біздің болашағымыз (Семинар тренинг)

19 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бала біздің болашағымыз (Семинар тренинг)

Мақсаты: Ата – аналармен балабақша арасындағы тығыз байланысты нығайту. Ата – ананың бала өмірінде маңызды рөл атқаратынын ұғындыру. Ата – аналардың көңіл күйін көтеру, қысымын түсіру.
1. «Достық тренингі». Танысу.
Мақсаты: Тәрбиешілер мен ата – аналар арасындағы өзара қарым – қатынасын жақсарту. Ұжымдық достыққа сыйластыққа баулу. Бір – біріне жылы лебіздерін білдіру.
Нұсқау: Ата – аналар ортаға шығып, шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны ұстап өз есімімізді және баламыздың есімін, оны қалай еркелетіп айтатындығымызды айтып, келесі адамға жылы лебізімізді білдіріп, лентаның шетін ұсынайық. Міне лентамыз шеңбер болды. Олай болса осындай достықпен арқашан бірге тығыз қарым – қатынаста болайық.

1. «Мен қандаймын?» тренинг.
Мақсаты: Әр адам өзіне жеке тұлға ретінде сезіну. Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде ұстайтыны екенін анықтау.
Нұсқау: Ата – аналар гүл, үй, күн болып 3 топқа бөлінеді. Әрқайсысының сол суреттің ішіне отбасы мүшелерін және есімдерінді жазасыздар.
Нәтижесі: Егер өзіңіздің есімдеріңізді жазсаңыз. Сіз өзіңізді отбасы мүшелерімен биік санайсыз. Өзіңіздің жағдайын бірінші ретке қоясыз. Ал егер өзіңіздің есіміңізді ортасына қойсаңыз онда сіз отбасыңыңыздың ортасындасыз. Егер соңына қосаңыз ата - ана, бауырларыңыз бірінші ретте тұрады. Өзіңізді соңынан ойлайды екенсіз.

2. «Бақыт деген не өзі» жаттығуы.
Ата – аналар бақыт сөзіне түсініктеме береді, бір топ тәрбиешісі бақытты адамды ретімен тұрғызады.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады, ендеше қанағат болған жерде бақытта болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйлайық өзіңде бақытқа кенелесің., Өмірдің қызығы да сол.
4. «Көңіл күй» жаттығуы.
Қоянның көжегі жоғалды сөзін әр түрлі эмоциямен білдіру.
5. «Аяқталмаған сөйлем»
Сәби бақыты – ол -..............................
Ата – ана бақыты ол.................................
Әйел бақыты ол......................................
Ұстаз бақыты ол.........................................

6. « Баланы ата - ана тәрбиелейді. Ата - ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі

Мақсаты: отбасындағы балаға деген ата - ананың қатынасының стилін анықтау.
Орындау ережесі: Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:
«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А - З балл
«Иә, бірақ барлық кезде емес» Ә - 2 балл
«Жоқ, бұлай істей алмаймын» Б - 1 балл

Тапсырмалар
Сіз:
1. Кез - келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
2. Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
4. Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
5. Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқынқандық сақтай білесіз бе?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
7. Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
8. Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
9. Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
10. Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп, тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?
11. Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
12. Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласың.
Бағалау шкаласы
1. «А» жауапқа - 3 балл
2. «Б» жауапқа - 2 балл
3. «В» жауапқа - 1 балл

Нәтижесін талдау.
30 - 39 балл жинасаңыз, бала - сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.
16 - 30 балл жиналса, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірінші маңызды жұмыс, сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.

7. Реалаксациялы жаттығу.
Ыңғайлы отырыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілеммен саяхатқа шығамыз. Кілем ауаға көтерілуі үшін босаңсуымыз қажет. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Қолымыздың саусақтары жылынады, қолымыз жылы және ауыр. Жылу аяқ қолдан жоғарылап, іш, кеуде, арқаға жылжыйды. Бетіңіз босаңсыйды. Ұшқыш кілем жаймен жоғары көтеріліп жоғары көтеріліп келеді. Міне ұшып та кеттіңіз.
Үлкен өзеннің үстімен ұшып барасыз. Шағалалар ұшып жүр. Жағалауда қайықтар тербеліп тұр. Көгілдір бұлттар жөңкілуде. Бұлттардың кейбіреулері үлпілдек қоянға біреулері мақтаға кішкентайлары ақ мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге түсіп кеп жатыр. Міне су әдемі бақтың ішіндесің. Айнала гүлге толы, бәрі сізге басын изеп сәлем беруде. Сіз бақтағы соқпақ жолмен жүріп алаңқайға шықтыңыз. Балалапр доп ойнап жүр, сіздің аяғыңызға доп домалап келеді. Бұл немене? Сізде ұшып басрасыз. Өзіңіз ұшқыш кілемсіз ұштыңыз. Қолыңыз екі жағыңызда құс сияқты міне, сізге тасныс көл көрінеді. Шағалалар қанаттарын бұлғап сәлем жолдауда. Қайықта отырған балықшы сізге қол бұлғайды. Сіз әрі қарай ұшасыз. Қолыңызда үлпілдек мысық сияқты бұлт бірге келеді. Сіз төмен түсе бастадыңыз. Міне орнымызға да келдік. Мысық сізге ілесіп келеді. Жып – жылы мысық сіздің алдыңызда отыр. Оны сипаңыз да қасыңызға отырғызыңыз. Серуен сізге ұнады деп ойлаймын. Енді алдарыңыздағы стикерлерге серуенде көргеннің сурет салып, тілек тілеп трен. ингтен алған әсерлеріңізді жазыңыз.

Тлеумбетова Фарида Абелхановна
8 268
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - анамен жұмыс
Ата - анамен жұмыс
Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс)
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг - жиналыс)
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×