Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары

10 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Психология
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары

Тренинг мақсаты: ата - аналар мен бала арасында жақындық қалыптастыру, қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Өткізілетін күні: 28. 11. 2012жыл.
Қатысушылар: ата - аналар
Көрнекілігі: парақ және қаламсап.
Күтілетін нәтиже: тренинг барысында ата - аналар баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым - қатынаста бір - бірін түсіне білу.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе
2. «Таныстыру» тренингі
3. «Мен түсінемін» тренингі
4. Сауалнама
5. «Тілек білдіру» тренингі
6. Қорытынды

Тренинг барысы:
1. Кіріспе.
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

2. «Таныстыру» тренингі. Қатысушылар өздерін бір үлгідегі көйлек ретінде таныстырады. Яғни, таныстыру барысында қандай матадан, қайдан шыққаны, қандай үлгіде жасалған, оған салынатын бейнелер түрінде таныстырады. Мысалы, «маған көкшіл түсті тура, кеудесінде қазаққа тән оюлар салынған, жағасы жоқ, алдыңғы жағы төртбұрышты боп ойылған, жұмсақ хб матадан тігілген, жеңі ұзын, өте ұзын емес тізеге келетін, Гүлжан атты фирмадан шыққан көйлекті таңдар едім» деп таныстырады.

3. «Мен түсінемін» тренингі. Мұнда ата - аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата - анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.
1) Мені балам қуантады...
2) Мені балам ренжітеді...
Талдау: - қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?
- неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?
- Оның көп болуына ата - ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?

4. Сауалнама. Ата - аналарға арналған.
Мақсаты: ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты анықтау.

5. «Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?

6. Қорытынды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
22 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата-ананың ұстанатын 10 қағидасы
Ата-ананың ұстанатын 10 қағидасы
Маңыздысы баламен қарым-қатынасты кейінге қалдырмау, оның үлкейіп өсуін күтпеу, барлық қамқорлықты анаға сырып тастамау. Есіңізде болсын баланың тәрбиесі – бұл әрдайымғы жұмыс, онда ана мен әке қатысады.
Ата – аналар жиналысына қолданылуға арналған тренингтер жинағы
Ата – аналар жиналысына қолданылуға арналған тренингтер жинағы
«Ата – ана сіздер үшін.....» Ата – аналар жиналысына қолданылуға арналған тренингтер жинағы
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Менің жанұям
Менің жанұям
Педагог - психолог А. К. Токубаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×