Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Имандылық – тәрбие негізі

16 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Имандылық – тәрбие негізі

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс - ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.

Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл - есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата - анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Бұған «жол беріп жатырсың» деп, жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден сүзіліп, қорғаншақтық күйге ұшыраған аға ұрпақ өкілдерін кінәлау қиянат та болар. Әйтсе де, кез келген нәрсеге көзді жұмып қарау, сүйекке сіңген салғырттық, көзді байлап, көрер алдымызды тұмшалап тастаған. «Құлдық психологиядан», қараңғы қорқыныштан, ит түртпектен арыла алмай отырғанымыз шындық. Мына мәселеге де байыпты көзқарас танытқанымыз жөн. Тәуелсіздік алған кезден былай қарай он бес жыл уақыт ішінде өмірге келген ұрпақ бойында ерекше ұмтылыс, ерекше қуат сезіледі. Қоғам мен адамды қатар шырмаған қат - қабат қиындықтардың, дауасыз даулардың көп уақыт өтпей, күні бітеріне күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды біздің жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін жүріп өткен ізімізге тағы бір бұрылып, жеткен жетістіктерімізді салмақтап, рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп - ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.

Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,

Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз, - дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп ат береді:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жол осы деп әділетті.

Имандылық – тәрбие негізі. жүктеу
4 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Кемел келешек кілті - білімде
Кемел келешек кілті - білімде
Өкінішке орай қоғамда жүгенсіз кеткен ұл - қыздарымызда жоқ емес. Асауын ауыздықтап, тентегін жөнге салар – ұлттық тәрбие
Ел болашағы жалынды жастар
Ел болашағы жалынды жастар
Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу.
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Келешекке кемел біліммен
Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×