Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кемел келешек кілті - білімде

17 тамыз 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - БІЛІМДЕ
Тәрбиелі ұрпақ – ел болашағы
Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Ел ертеңі - жастар деп те айтылып жатады. Өкінішке орай қоғамда жүгенсіз кеткен ұл - қыздарымызда жоқ емес. Асауын ауыздықтап, тентегін жөнге салар – ұлттық тәрбие.
«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ», «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ» деген С. Сарийнның сөзі өте орынды айтылған. Бала тәрбиесін ертеден бастаған жөн. Баланы тәртіпке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға т. б үйретуге ата - ананың міндеттері зор. Жақсы қылыққа, адалдыққа тәрбиелеуде ата - ананың ықпалы балаға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді, жолдастарын, қоғамды кінәлаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбие от басынан басталары сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу, тісіңді тазала, жақсы жүр, өтірік айтпа т. б» деген сияқты сөздер айтуға жеңіл болғанымен осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармасақ. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа үйретеді.
Қатал тәртіп бар жерде тәрбие бар,
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде.
Өнерімен қуантады түбінде
«Қатал ұста боп жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып» - деп Ж. Баласағұн айтқандай, баланы қатал тәртіппен тәрбиелеудің пайдасы зор.
Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көрері ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі, үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмашыл, қайырымды, мейірімді, қанағатшыл болып өсуін кім қадағалайды?! Солай өсуіне ендеше ортақтасып ықпал жасайық. «Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, «Тәрбие ата - ана тәлімінен», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты, арғы ата - бабаларымыз өсиет етіп қалдырған дана сөздері текке айтылмаса керек.
Бала тәрбиесіне ата - анасының бір - біріне деген қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған - туыс, көрші - көлемдермен қалай араласатындығы, кішіге қалай ізет көрсететіндігі, тіпті ұсақ - түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіндігіне дейін әсер етеді, әрі өте маңызды.
Баланы үнемі ұрып соғып қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен мысал келтіре отырып түсіндіре білу керек. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдепке, әдемілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге болады. «Сөз жүйесін тапса – ырыс», «Жақсы сөз – жан азығы», - деп атамыз қазақ сөздің қадір - қасиетін дәріптеп кеткен екен.
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. «Жас ұрпақ – келешектің қожасы» деп В. Г. Белинский айтқандай болашағымыз бен келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Отбасы - адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі – ата – ана. Кез – келген ата – ана өз баласының болашағы жарқын болғанын қалайды және де сол үшін қолынан келгенін аянып қалмайды.
Бала – біздің болашағымыз. Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата – ананың атқаратын міндеті өте ауыр. Ең бірінші кезекте ата – ана, яғни баланың іштей дұрыс тәрбиеленуі – тәрбиенің алғашқы қадамы деп санаймын. Бала ана құрсағында ананың жылы лебізін, мейірімділігін сезінуі керек. Сол сәби ата – ана
құшағында бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды. Содан соң балабақшада тәрбиеленіп, одан кейін «Мектеп» атты үлкен білім кемесіне мініп, білім нәрімен сусынданады.
Бұл орайда әріп танытып, білім беріп, дұрыс жол меңзеп, үлкен қадамға бастау болатын үлы тұлға – ұстаз. Ұстаз есімі әрқашанда қадірлі қасиетті ұғым. Ұстаз – екінші анасы. Кез – келген мамандық иегерлері ұстаз алдынан біліп алып, білім мен тәрбие атты егіз ұғымды игеріп, өмірден өз орындарын табады.
Қазіргі таңда ұстаз бен ата – анаға жүктелетін міндет өте ауыр, себебі дұрыс тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға өз зиянын тигізеді, ал дұрыс тәрбиеленген бала, яғни адамгершілігі мол, мейірімді,
білікті де білімді тұлға қоғам үшін өте маңызды. Тәрбие мен білім егіз ұғым, осы егіз ұғымды бала бойына сіңіріп, тәрбиелейтін ата – ана мен ұстаз.
Алға қояр мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, өркениетті, адамгершілігі мол, өзге елдермен тең дәрежеде бәсекелесе алатын, биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің мақсатымыз бен міндетіміз айқын. Сондықтан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші ата – ана мен ұстаздар бірігіп, еліміздің болашағы үшін жұмыс жасайық. Баланың тәрбиесі – болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңгі іргетасын қалайтындарда бүгінгі балалар.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - дейді Әл Фараби. Жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ, болашағымыздың жарқын болары сөзсіз.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Сарыбұлақ ауылы, №78 орта мектеп
Пшанова Гүлнұр Абубакирқызы
Кемел келешек кілті - білімде. жүктеу
4 009
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Ата- ана баласымен бақытты
Ата- ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар.
Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»
Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»
Адам тәрбиелеу ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш - білім.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала – отбасымен бақытты.
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×