Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық (іскерлік ойын)

20 мам 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Ақ ерке»Бала - бақшасының ересек топ тәрбиешілері:
Жумабекова А. Ж.
Мұстафа З. М.


«ДОСТЫҚ» іскерлік ойыны
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық»
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденім паздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.

Ойынның барысы.
Жүргізуші: Жумабекова Асел.
Қайырлы күн! Біздің «Достық» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сіздер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады)

№ 1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
А) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).
Ә) Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады?). (Тәртіптік кезең).
Б) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
В) «Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)
Г) Балабақшадағы 2 - 3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс істейді? (Алғашқы қадам)
Д) Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (индикатор)

№ 2 Тапсырма:
«Геометриялық пішіндерден сурет салу кезінде не құрап және қандай заттармен салар едіңіздер».
(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі, сол пішіндерден өз ойларынан балаларға не қызықты болатынын бір нәрсе жапсырады, 7 минут уақыт беріледі, уақыт өткен соң не жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді).

№3 Тапсырма: «Жағдай» піркіталас. (екі топқа бір - бір жағдайдан беріледі. Сол жағдайды шешу жолдарын айту, сахналау. Екінші топ сол жағдайды шешу жолында қандай да болсын қателіктерді қарайды)
1 топ: «Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата - аналары алып кетеді. Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз».
2 топ: «Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қандай методиканы қолдана отыра ұйымдастырар едіңіз ортаңғы топта».

№4 Тапсырма: «Серіктесін сипаттау»
Педагогтар өз аты - жөнін көрсетпей өз серіктесін сипаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір - бір жапырақтан оқиды. Педагогтар сипаттау бойынша педагогты табу керек.

Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді біз өз шешімімізді шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.
Достық іскерлік ойын жүктеу
9 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық»
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық»
Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір – бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
"Достық" іскерлік ойын
"Достық" іскерлік ойын
СҚО, Петропавл қаласы, «Балауса» балабақшасы МКҚК ортаңғы тобының тәрбиешісі Айнұр Шахметқызы Даниярова
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылы МКҚК "Балбөбек" балабақшасының әдіскері Сиражева Светлана Халеновна
Достық
Достық
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×