Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Достық" іскерлік ойын

27 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
«ДОСТЫҚ» іскерлік ойыны

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
«Достық"
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке,
бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.

Ойынның барысы.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің «Достық» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады). Әділқазы ұпай қойып жеңімпаздарымыз анықталады.

№ 1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
А) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).
Ә) Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады?). (Тәртіптік кезең).
Б) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
В) «Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)
Г) Балабақшадағы 2 - 3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс істейді? (Алғашқы қадам)
Д) Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (индикатор)

№ 2 Тапсырма:
«Геометриялық пішіндерден құрау».
(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі, сол пішіндерден өз ойларынан балаларға не қызықты болатынын бір нәрсе жапсырады, 7 минут уақыт беріледі, уақыт өткен соң не жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді).

№ 3 Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту»
Парақтарға келесі сөздер жазылған (әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды):
а/ «Мұнда кел» деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен айту.
б/ «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап, нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен, ғашық болып айту.

№4 Тапсырма: «Жағдай» піркіталас. (екі топқа бір - бір жағдайдан беріледі. Сол жағдайды шешу жолдарын айту, сахналау. Екінші топ сол жағдайды шешу жолында қандай да болсын қателіктерді қарайды)
1 топ: «Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата - аналары алып кетеді. Жарақат алған баланың анасы – ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз».
2 топ: «Сіз кеш уақытында қалған 3 балалармен сөйлеп отырсыз. Бір бала өзінің отбасы жайлы айтып отыр, әкесінің ішімдік ішкенін, үйде ұрыс шығарғанын айтты. Осы кезде сол баланың анасы келіп қалды, және баласы айтып отырған сөздерін, және Сіз тыңдап отырғаныңызды көрді. Сіздің әрекетіңіз».

№5 Тапсырма: «Өзіңді тексер»
Тәрбиешілерге жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтарға осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады).
Тапсырманы орындаған соң, жүргізуші өз парағынан сөздерді оқиды, педагогтар өз жазғандарын тексереді.

№6 Тапсырма: «Серіктесін сипаттау»
Педагогтар өз аты - жөнін көрсетпей өз серіктесін сипаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір - бір жапырақтан оқиды. Педагогтар сипаттау бойынша педагогты табу керек.

№7 Тапсырма: «Мәнерлеп оқу»
Әр топтан бір адамнан келеді. Алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлер оқиды.
А) «Қыс», Абай
Ә) «Ғылым таппай мақтанба», Абай

№9 Тапсырма: «Ойлан, тап»
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.

№8 Тапсырма: «Аю мен аралар». Педагогтар топтасып жұмыс істеу білетіндерін тағы да тексеріп көрейік.
Әр топта «Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралара» болады. Аюды залдың сыртына шығарып, жүргізуші «балды» тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, «балды» іздейді, «аралар» тек қана «ж - ж - ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «балға» жақындай бергенде, «аралар» «ж - ж - ж» деп қуанып қатты дауыс шығарады. Ал «Аю» «балдан» басқа жаққа кетсе, «ж - ж - ж» деп ашуланып дауыс шығарады.
Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады.
Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.
35 677
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық (іскерлік ойын)
Достық (іскерлік ойын)
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденім паздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық»
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық»
Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір – бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылы МКҚК "Балбөбек" балабақшасының әдіскері Сиражева Светлана Халеновна
Достық
Достық
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×