Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экономикадағы үкімет рольі

18 мам 2012, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Экономикадағы үкімет рольі.

Сабақтың мақсаты: Оқыту - экономикадағы үкіметтің алатын орнын, оның қызметін және әрекет ету аясын ұғындыру.
Дамыту – оқушылардың ой өрісін кеңейту, жалпы тақырыптар бойынша білімін дамыту.
Тәрбиелік - жауапкершілікке, белсенділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, диспут.
Пәнаралық байланыс: құқық негіздері, тарих, дене тәрбиесі, математика...
Көрнекілік: плакаттар, қағаздар, маркер, кестелер.

Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау.
2.Жаңа сабақ
1 құқық пәнінің мұғалімі мәлімет береді

Қазақстан Республикасының үкіметі дегеніміз не?

Атқарушы билікті жүзеге асырады
Президент алдында
жауап береді
Парламентке
есеп береді
Атқарушы биліктің
қызметіне басшылық
жасайды
Қ.Р Президентіне ант
береді

2)Жаңа сабақты түсіндіру
Нарықтық экономика әдетте Не? Қалай? және Кім? деген сұрақтарға жеке сатып алушылар мен сатушылар сұраныммен ұсыныс заңдарына сәйкес жауап беретін экономикалық жүйе деп түсіндірілді:Алайда нарықтық экономика жүйесінде үкімет соншалықты маңызды рөл атқаратындықтан оның саясатын сатып алушылар мен сатушылар жоғарыдағы сұрақтарға жауап беретін жауаптарына елеулі әсерін тигізеді. Рынок қоғамдық тауарларды өндіруге жағдайы келмеген соң, оған Үкіметтің араласу қажеттігі туады. Аралас экономика жағдайында үкімет бірнеше қызмет атқарды.
- Нарықтық жүйені қорғау;
- Қоғам пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулермен қызмет ету;
- Нарықтық емес құбылыстарды есепке алу;
- Мұқтаждыларға, халықтың жеке топтарына көмек көрсету ;
- Экономиканы тұрақтандыру.

Нарықтық жүйені қорғау. Еркін кәсіпкерлік жүйесі және оны басқаратын сұраным мен ұсыныс заңдары бәсекелестікке байланысты. Үкімет бәсекелестікті
а) бәсекелестік ережелерін анықтау, және «ойын ережелерін» бақылау.
б) халыққа нарық жағдайы мен экономика күйі туралы ақпарат беру.
в) дауларды жөнге салуға көмектесу жолдарымен қорғайды, қолдайды.

Қоғам пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету. Қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсетулерді көпшілік пайдаланатындықтан, олар жеке меншікті кәсіпкерлі к шеңберінен шығарылады. Қоғамдық мектептер, жолдар, полиция, өрттен сақтау және ұлттық қорғаныс қоғамдық тауарлармен қызмет көрсетулердің мысалы бола алады.

Нарықтық емес құбылыстарды есепке алу. Түтін мен пайдаланған газдар атмосфераны ластап, дайын тағам және басқа да тауар орамала ры жол жағаларын да, жатып, ұшақтардың шуы әуежай төңірегіндегі адамдардың күнделікті өміріне кедергі жасап, осының барлығы ел тұрғындарына зиян келтіреді. Алайда, нарықтық жүйеде аталған жағдайларды біреуді кінәлап, оның денсаулыққа келтірген зияны үшін немесе әсерін жою үшін мәжбүр ететін механизм жоқ..

Атап айқанда, автокөлік, мұнай компанияларын және автокөлік иелерін тазартуға, дайын тағам жасаушыларды жол бойындағы олардың орамаларын жинатуға қалай жұмылдыруға болады? Міне, осыған орай, үкімет осындай нарықтық емес құбылыстарды ескеріп, олардың зиянды әсерлерін шектеуді өз міндеттеріне алды. Осы салада үкімет қабылдайтын шаралар төрт категорияға бөлінеді: сенім арту, салық салу, субсидия және реттеу.

Сенім арту.бұл әрекет адамдардың басқа қоғам мүшелеріне зиян келтіретін істерін болдырмау үшін қолданылады. Мемлекет субсидия берген жарнама компаниялары әртүрлі жарнамаларда тазалық сақтаңыздар, темекі шекпеңіздер, арақ шарап ішкеннен кейін автокөлік рөліне отырмаңыздар деп шақырады.

Салық салу.Бұл әрекет нарықтық емес құбылысқа қарсы күресудің бір тәсілі. Өзендермен мұхиттарды немесе қоршаған ортаны қалдықтармен ластайтын фирмаларға үкімет тарапынан салық салынады. Сондықтан фирмалар өз өндірістерінде тазартқыш қондырылар орнатуға мәжбүр болады.

Субсидия бөлу. Бұл ақшалай жәрдемді үкімет адамға немесе компанияларға төлейді. Олар жағымды нарық емес құбылыстарды әкелетін экономикалық әрекеттерді қолдау үшін беріледі. Мысалға, жер құнарлылығын сақтау үшін, топырақ қорғайтын технологияларды пайдаланатын фирма иелеріне үкімет субсидия бөледі.

Реттеу. Бұл әрекет зиянды болдырмау немесе оны заңға қарсы деп хабарлау мақсатымен қауіпсіздік стандарттарын бекіту үшін қолданылады. Мысалға, үлкен қалаларда атмосфераға түтіндерді азайту үшін сыпырынды қалдықтарды далада жағуға тыйым салынады. Осы сияқты штаттармен федералдық заңдар кәсіпорындар үшін қауіпсіздік стандарттарын бекітіп оларға тазаланбаған қалдықтарды суаруға жіберуге тыйым салынады.

Мұхтаждыларға және халықтың жеке топтарына көмек көрсету. Әрбір қазіргі қоғам өзінің жергілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарына көмек көрсетеді. Кедейлікке қарсы күрес бағдарламалары өміріне қажеттен артық табатындардың табысын оларға мұхтаждар пайдасына қайта таратуды қамтиды. Алайда аз табысты адамдар мемлекеттен көмек күтетін жалғыз топ емес. Мысалға, әлеуметтік қамсыздандыру және бірқатар ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын қолдау субсидиялары көптеген фирма иелерінің, немесе зейнеткерлердің материалдық жағдайына байланысты.

Тауарлар мен көрсетулер өндіру үшін емес, жеке адамдарға төленетін мемлекеттік шығындар трансфертті төленімдер деп атайды. Трансфертті төленімдер соңғы кездері федералдық шығындардың жартысына жуығын құрады. Әлеуметтік қамсыздандыру, әртүрлі жәрдем ақшалар, оның ішінде әскерден қайтқандар үшін және дәрігерлік төленімдер трансфертті төленімдердің мысалы болып табылады.

Экономиканы тұрақтандыру. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік жағдайлары өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер күшейгенде жұмыссыздық деңгейі көтеріліп, банкроттық жиіленіп, жалпы халық күйзеледі. Бұл өзгерістердің әсерін шектеу үшін үкімет өз тарапынан әртүрлі әрекеттер жасайды. Көптеген жағдайларда ол қызметтерді атқару үшін, салық түрінде келіп түсетін ақшадай қаржы қажет болады.

Үкіметтің экономиканың реттелуіне араласуын қолдайтындарын өздері жылдамдық магистральдарын салу, атом сүңгуір қайықтарын жасау әлде ұлттық парктер тұрғызу сияқты шығындарды түпкілікті қолдамайды. Сонымен қатар, олар қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және салық салу бағдарламаларымен де әрқашанда келісе бермейді. Жеке азаматтар мен отбасы сияқты мемлекет пен үкіметтің де өз қажеттігі және тілегі болады., бірақ кейде олардың арасындағы шекараны анықтау қиын.

Казіргі таңда дағдарыс кезінде ең басты мәселелерінің бірі жұмыссыздықпен күресу. Жұмыссыздықпен күресу үшін әр өңірде жан-жақты ойластырылған бағдарлама қажет . Президент тапсырмасымен оны жасауға Үкімет пен әкімдіктер кірісті. Елбасының өткен жылғы халыққа Жолдауында көрсетілгендей, 2009-2011 үш жылдық бюджетте зейнетақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы, шәкіртақы, алғашқы екі жылдың әрқайсысында 25 пайыздан, үшінші жылы 30 пайызға, жалпы алғанда үш жылда екі есе өсу көзделіп отыр. Аз уақыт ішінде осындай өте ауқымды салаларды екі есеге өсіре қолдау, көптеген елдерде, әсіресе ТМД-дағы әріптестерімізде жоқ. Мұны біз Президентіміздің жүргізіп отырған саясаттың ұшқырлығы ен өскен мүмкіндігі деп білуіміз керек.

3).Жаңа сабақты бекіту
А) Экономикадағы үкіметтің араласуы қажет пе?
Бұл жай сұрақ емес, мұнда «қарсы» және жақтайтын жақтар болуы мүмкін. Бір топ жақтайды, екіншісі «қарсы» топ. Өз ойларын қағазға түсіріп. Екі жақ пікір айтады.
Ия
Жоқ

Ә) Футбол ойыны
Шабуылдаушылар
Қорғаушылар
Қақпашылар

Сұрақ шабуылдаушыларға беріледі: Жауап бере алмаса қорғаушыларға өтеді, одан жауап болмаса қақпашыларға қойылады. Қақпашылардан жауап болмаса сұрақ «гол» болып, ұпай қарсы топқа жазылады. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.

Сұрақтар?
Салық дегеніміз не?
Еңбек ресурстары?
Сұраным дегеніміз не?
Тауар және қызметтер туралы ақпарат беру.
5.2009 жылы 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 13470 теңге болды. 2011 жылы қанша теңге болады?

1.Жұмыссыздық
2. Ұсыныс дегеніміз не?
3. Бәсекелестік дегеніміз не?
4 Жарнама қажеттігі?.
5. 2009 жылы 1 шілдеден бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 9875 теңге болды. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол қанша теңге болады?

4. Қорытындылау.
5. Үйге тапсырма беру.
3 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қалжат ауылы, Ұйғыр ауданы, Қалжат орта мектебі мемлекеттік мекемесі. Хамраева Мухаббатхан Жалалдинқызы
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Атырау қаласы, Бизнес және құқық колледжі, математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер (математика-ағылшын кіріктірілген сабағы) Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы. Әдіс-тәсілі:
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×