Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні

20 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Пәні: құқық негіздері
Сыныбы 10
Сабақтың тақырыбы:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс - әрекет жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Азаматтардың негізгі міндеттері қандай?
2. Салық төлеушілердің міндеттері
3. Азаматтардың Отан қорғау міндеті

3. Білімдерін жан - жақты тексеру
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Конституциялық құқық.
2. Конституциялық – құқықтық нормалар.
3. ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.

Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.
Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық - құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Конституциялық құқық тәсілдері

Құқық беру әдісі
Рұқсат ету әдісі
Міндеттеу әдісі
Тыйым салу әдісі

1) құқық беру әдісі, яғни конституциялық - құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;
2) рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,
3) міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;
4) тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
Конституциялық - құқықтық нормалар – мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық - құқықтық нормалар:
- реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;
- баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда – мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
- құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Конституциялық құқық нормасының құрылымы
Гипотеза: Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі
Дизпозиция: Құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі
Санкция: Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық - құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездеседі

Конституциялық - құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:
- құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
- міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
- тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік - құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т. б. заңдар.
- Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т. б. заңдар жатады.
- Конституциялық - құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялы құқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сотының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық - құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;
- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?
2. Конституциялық - құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

7. Жаңа материалды бекіту:
1. Қазақстан Республикасы конституциялық - құқығының қайнар көзі дегеніміз не?
2. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
8. Үйге тапсырма:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.
9. Бағалау:
28 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз құқығымызды білеміз бе?
Біз құқығымызды білеміз бе?
№3Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Отелбаевна
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Миллион кімге бұйырады? Құқық пәнінен қайталау
Миллион кімге бұйырады? Құқық пәнінен қайталау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының мұғалімі, Әл - Фараби атындағы ҚҰУ әлеуметтік ғылымдарының магистрі Симбетова Индира Жұмамұратқызы
Конституциялық кеңес
Конституциялық кеңес
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәнінің мұғалімі: Лаура Абитова
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×